«Айбын-2025» жиыны басталды

Ақтөбе облысында «Айбын-2025» әскери-патриоттық жиыны өтіп жатыр. Онда 700-ден астам жасөспірімдер бақ сынауда.

Админ

Бірінші күні командалар үшін «Айбын дарыны» зияткерлік ойыны, пневматикалық мылтықтан ату, «Smart sarbaz» технологиялық байқауы және Калашников автоматын толық бөлшектеу және құрастыру секілді төрт байқау қарастырылған. 

– «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жиынының барлық конкурстары қатысушыларға қиын әрі қызықты болатындай етіп жасалды. Командалық жарыстар жолдастық сезімді дамытады, интеллектуалды-ойлауға және күрделі мәселелерді шешуге мәжбүр етеді. Спорт – ерік-жігерді қатайтуға көмектеседі. Біз, ұйымдастырушы ретінде жарыс соңында қатысушылар жаңа дағдыларға, жаңа білімге және, әрине, жаңа достарға ие болатынына сенімдіміз, деп атап өтті «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы майор Мейірбек Меңдіғалиев. 

«Айбын дарыны» квиз-ойыны жаңа жастар хоббиі форматында өткізіледі. Байқауға логика, тарихты білу, медицина негіздері және жалпы эрудиция мәселелері кіреді. Қатысушылар дұрыс және жылдам жауап беріп, рейтингтік ұпайлар жинауы керек. 

Пневматикалық мылтықтан атуға 5 адамнан тұратын командалар қатысады. Мақсат – нысанаға 10 метр қашықтықтан дөп  тию.  Орындар ұпай санына қарай бөлінеді.  

«Smart sarbaz» өнертапқыштық-технологиялық байқауына жиынға қатысушылар жасаған робототехника саласындағы әзірлемелер қатысады. Бұл жауынгерлік жағдайларда адамды алмастыратын роботтар мен роботтық құрылғылардың модельдері. Бұл байқау балаларды өзіне деген сенімділікті, сыни ойлауды және командада жұмыс істеу қабілетін дамыта отырып, эксперимент жасауға бейімдейді. 

«Айбын-2025» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны Ақтөбе облысында 23-28 маусым аралығында өтіп жатыр. Іс-шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған. 

Жиын 11-ші рет өткізіліп отыр және осы уақыт ішінде оған 10 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер қатысты.

__Последние новости

  • Басты назарда

«Айбын-2025» жиыны басталды

Бүгін, 11:02
  • Басты назарда

АЙБЫН-2025» ЖИЫНЫНА БІРІНШІ БОП ЖЕТТІ

21/06/2025 - 09:33
  • Басты назарда

15 сарбаз ант қабылдады

20/06/2025 - 10:41
  • Басты назарда

АСПАН ӘЛЕМІНІҢ ТАРЛАНДАРЫ

19/06/2025 - 10:02
  • Басты назарда

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

16/06/2025 - 14:41
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАНЫҢ ШЕБЕР МАМАНЫ

14/06/2025 - 10:52
  • Басты назарда

Бірлестіктің төрағасы сайланды

11/06/2025 - 07:48
  • Басты назарда

ЖЫР-ТАРТУ: ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ

08/06/2025 - 15:28
  • Басты назарда

Ұйыған отбасы – мықты әскердің негізі

07/06/2025 - 14:28
  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

06/06/2025 - 10:27