«Айбын» халықаралық жастар жиыны қонақтар мен қатысушыларды қарсы алуда

Қазақстанда «Айбын» XI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны 22-28 маусым аралығында Ақтөбе қаласында өтеді. Ол Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналады. Оған Қазақстаннан және шет елдерден мыңнан астам жас патриот қатысады.

Админ

Қазірдің өзінде Ақтөбеге «Айбын» жастар жиынына қатысу үшін әскери-патриоттық клубтар келіп жатыр. Алыс-жақын шетелдерден – Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан, жиынды байқаушы Қытай Халық Республикасынан еліміздің батыс өңіріне табан тіреп жатқан қонақтарымыз да бар.

Айта кетейік, XI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты ашылуы Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының «Айбын» оқу орталығының базасында өтеді.
50-ден астам қазақстандық және шетелдік командаларды қабылдау үшін оқу орталығында шатырлы қалашық жабдықталған, барлық жайлылығы бар тұрғылықты жерлер, медициналық пункт және асхана дайындалған.
Оқу орталығының аумағында жаңа воркаут-кеңістіктер, жүгіру жолы бар футбол алаңы, волейбол және баскетбол алаңдары пайда болды.

Далалық лагерьде ұлдар мен қыздардың армия атмосферасына еніп, шиеленісті жарыстардан кейін демалуына барлық жағдай жасалған.

Жиынға қатысушылар әскери-патриоттық клубтар мен оқу орындарында оқыған білімдерін көрсетеді.
Жалпы іс-шара бағдарламасы өте бай және әскери-қолданбалы пәндер бойынша бірқатар жарыстарды, зияткерлік, шығармашылық конкурстар мен «Smart Sarbaz» робототехника бойынша жарыстарды қамтиды. Сонымен қатар, бірлескен жорықтар, экскурсиялар және алау жанындағы кездесулер  жасөспірімдерді әсерге бөлері сөзсіз.

 

__Последние новости

  • Басты назарда

АЙБЫН-2025» ЖИЫНЫНА БІРІНШІ БОП ЖЕТТІ

Кеше, 09:33
  • Басты назарда

15 сарбаз ант қабылдады

20/06/2025 - 10:41
  • Басты назарда

АСПАН ӘЛЕМІНІҢ ТАРЛАНДАРЫ

19/06/2025 - 10:02
  • Басты назарда

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

16/06/2025 - 14:41
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАНЫҢ ШЕБЕР МАМАНЫ

14/06/2025 - 10:52
  • Басты назарда

Бірлестіктің төрағасы сайланды

11/06/2025 - 07:48
  • Басты назарда

ЖЫР-ТАРТУ: ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ

08/06/2025 - 15:28
  • Басты назарда

Ұйыған отбасы – мықты әскердің негізі

07/06/2025 - 14:28
  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

06/06/2025 - 10:27