Әскери міндеттілер жиыны салтанатты ашылды

Абай гарнизонының 44293 әскери бөлімінде тыл секторының әскери міндеттілер жиынының салтанатты ашылуы өтті. Жиынға Абай облысының өңірлерінен 100-ден астам әскери міндеттілер тартылды.

Админ

Бұл іс-шаралар жауынгерлік әзірлікті қолдау және арттыру, сондай-ақ бейбіт және соғыс уақытында әскерлерді қамтамасыз етуге жауапты тыл мамандарын кәсіби даярлау мақсатында өткізіледі.

 Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тыл бастығының орынбасары полковник Әсет Оразалин қатысты. Ол өз сөзінде қазіргі әскердегі тылдық қамтамасыз ету рөлінің маңыздылығын атап өтті.  «Кез келген операцияның тиімділігі нақты ұйымдастырылған тыл жүйесінсіз мүмкін емес. Әрбір әскери бөлімді уақтылы жабдықтауға, медициналық қамтамасыз етуге, көлік пен логистикаға байланысты. Бүгінгі таңда сіздер тек әскери міндеттілер емессіз, сіздер осы өмірлік жүйенің бір бөлігісіз және сіздердің дайындығыңыз елдің қорғаныс қабілетіне стратегиялық әсер етеді» деді ол.

Жиын бағдарламасы теориялық сабақтарды, тәжірибелік жаттығуларды қамтиды. Жиынға қатысушылар өздерінің әскери-есептік мамандықтары бойынша қайта даярлаудан өтеді және тылдық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың заманауи тәсілдерімен танысады.

Мұндай жиындар үнемі өткізіліп тұрады, резервті дайындаудың жалпы жүйесінің маңызды элементі ретінде қызмет етеді. Әскери міндеттілерге әскери дағдыларды қалпына келтіруге және тереңдетуге, елдің қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті сезінуге мүмкіндік береді.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19