БАЙЛАНЫС ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ – ЖҮЙЕСІНІҢ «ЖҮЙКЕСІ»

19 маусымда Қазақстанда Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің күні атап өтіледі. Бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздік жүйесінің аса маңызды бөлігі. Аспанымыздың амандығын күзететін бұл әскерлердің тиімді қызметі тек радарлар мен зымыран жүйелеріне ғана емес, сонымен қатар сенімді байланыстың болуына тікелей байланысты.

Админ

Байланыс  әуе қорғанысы – жүйесінің «жүйке жүйесі» іспетті. Онсыз бірде-бір зымыран дер кезінде ұшырылмайды, бірде-бір есеп тобы өз міндетін нақты орындай алмайды. Осы күрделі әрі жауапты салада қызмет ететін байланысшылардың еңбегі көбіне көзге көрінбейді, бірақ олардың рөлі орасан зор. Қарағанды гарнизонындағы 44803 әскери бөлімінде аға радиотелеграфист, сержант Бауыржан Жұмаділов қызмет етеді. Ол – бригада мен дивизион арасындағы байланысты қамтамасыз етіп отырған маман. Оның кәсіби біліктілігі  ақпараттың уақытында жетуі, бұйрықтардың дұрыс берілуі мен кез келген жағдайда байланыс құралдарының мүлтіксіз жұмыс істеуіне тікелей әсер етеді.

   «Байланыс – бұл Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің жүйкесі. Онсыз ешбір зымыран уақытында ұшпайды, ешбір есеп тобы тапсырманы дәл орындай алмайды», дейді сержант Бауыржан Жұмаділов.

  Ол қызмет еткен жылдары түрлі оқу-жаттығулар барысында сенімді әрі қорғалған байланысты қамтамасыз етіп, өз ісінің маңыздылығын бірнеше рет дәлелдеген.

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріндегі байланысшылар – көзге көрінбейтін майданда қызмет ететін мамандар. Олар – жоғары техникалық дайындықты, төзімділікті және тәртіпті қажет ететін жұмысты мінсіз атқарып жүрген жандар. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің күнінде біз еліміздің әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген барлық әскери қызметшілерге алғысымызды білдіреміз. Әсіресе, бұйрықтардың дәлдігі мен жеделдігін қамтамасыз етіп жүрген байланысшыларға алғыс ерекше. Олардың көрінбейтін майдандағы еңбегі – бүкіл Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің сенімді жұмыс істеуінің кепілі.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02