Антыңа адал бол, жас сарбаз!

    Биылғы жылдың маусым айындағы соңғы онкүндігіндігінің жадыраған шуақты күндерінің бірінде 44841 әскери бөлімінің жас сарбаздары салтанатты түрде Әскери ант қабылдады.

Админ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтерілгеннен кейін жеке құрамға Приозерск гарнизонының бастығы, 44841 әскери бөлімінің командирі полковник Дидар Шаймұратұлы Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарына сай, Отан алдындағы борышты өтеу кезіндегі Әскери анттың маңыздылығын жеткізді. Лауазымды басшы полковник Дидар Шаймұратұлы өз сөзінде: «Қазақстан Республикасының Конституциясының 36-шы бабында: «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті» - деп жазылған. Әскери ант қабылдау рәсімі – бұл әрбір жауынгердің Ата заң алдындағы міндетіне адал болуға, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшы тапсырмаларын бұлжытпай орындауға, сондай-ақ өз Отанын қорғауға әрқашан дайын болу керек екендігін білдіреді» - деп, ой түйді.

    Бір сызық бойына сап түзеген жас сарбаздар салтанатты түрде Әскери ант қабылдады. Салтанатты жиында Приозерск қаласының әкімі Мансұр Ахметов, Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагері, ҚР Республикасының құрметті азаматы Тілек Алшымбеков құттықтау сөз сөйледі.

     Әскери ант қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын соңынан жас сарбаздар өздерінің әскери өмірге бейімделудің алғашқы күндерінде жинақтаған тәжірибелерін көрсетіп, жиналған қонақтарға, ата-аналарға және туған-туыстарына дене шынықтыру дайындығындағы спорттық жаттығу түрлері, жауынгердің қарумен саптық тәсілдері және спорттық қоян-қолтық ұрыс тәсілдерінің қимылдарын іс-жүзінде көрсетті.

     Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарын толықтырған жас сарбаздардың Әскери ант қабылдау рәсімінің салтанатты жиыны жоғары деңгейде асқан ұйымшылдықпен өтті.

 

 

Думан ЖҰМАШҰЛЫ

 

__Последние новости

  • Басты назарда

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Бүгін, 14:41
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАНЫҢ ШЕБЕР МАМАНЫ

14/06/2025 - 10:52
  • Басты назарда

Бірлестіктің төрағасы сайланды

11/06/2025 - 07:48
  • Басты назарда

ЖЫР-ТАРТУ: ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ

08/06/2025 - 15:28
  • Басты назарда

Ұйыған отбасы – мықты әскердің негізі

07/06/2025 - 14:28
  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

06/06/2025 - 10:27
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00