Бірлестіктің төрағасы сайланды

Еліміздің оңтүстік астанасы болып табылатын Алматы қаласында «Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің ХІ съезі болып өтті.

Админ

Съезд делегаттары бас қосқан алқалы жиынды осы аты аталған қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төрехан Ерденбеков ашып берді. Күн тәртібіне сәйкес съезд жұмысын осы қоғамдық бірлестікке қарасты «Астана бірлескен кеңесі» филиалының төрағасы Қуаныш Дәулетов жүргізіп отырды.
     Алғашқы мәселе бойынша қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төрехан Ізбасарұлы
«Қоғамдық бірлестігінің 2020-2025 жылдар аралығындағы атқарылған қызметі және алдағы кезеңдерге арналған жұмыстардың негізгі бағыттары» тақырыбындағы баяндама жасады. Келесі кезекте «Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің тексеру комиссиясының есебі бойынша осы қоғамдық бірлестікке қарасты Алматы филиалының төрайымы Мира Қайнарованың есептік баяндамасы тыңдалды. Съезд барысында алқалы жиын қатысушылардың басым көпшілігінің дауыс беруімен Төрехан Ерденбеков «Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдары қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып сайланды. Съездге қатысуға арнайы шақырылған, кәсіподақ ұйымында көп жылдан бері еңбек етіп келе жатқан ардагерлер 78 жастағы Тынышбек Мадышев пен 72 жастағы Мастура Мырзахметоваға төрден орын берілді.
     Жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілген алқалы бас қосудан кейін кәсіподақ жұмысын жақсартудағы асқан белсенділік танытқан бірқатар бастауыш кәсіподақ ұйымдарын басқарушы лауазымды тұлғаларға мақтау қағаздары салтанатты түрде табыс етілді.

Думан ЖҰМАШҰЛЫ
 

 

__Последние новости

  • Басты назарда

Бірлестіктің төрағасы сайланды

Кеше, 07:48
Админ
  • Басты назарда

ЖЫР-ТАРТУ: ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ

08/06/2025 - 15:28
  • Басты назарда

Ұйыған отбасы – мықты әскердің негізі

07/06/2025 - 14:28
  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

06/06/2025 - 10:27
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08