«Ерен туған ер Мәлік» атты патриоттық кеш

Ұлы  Жеңіске 80 жыл толуына және жазушы, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл толуына орай Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының  ұйымдастыруымен Қазақстан жазушылар кітапханасымен бірлесіп, «Ерең туған ер Мәлік» атты патриоттық кеш өткізді.

Админ

Іс-шараға «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Әуезов аудандық филиалы төрағасының орынбасары Ж.Х.Хасен, тыл еңбеккері Р.А.Жақсылықов, Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагерлері мен мүгедектерінің «Жауынгер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Мемлекеттік «Айбын» орденінің иегері Б.Қ.Дәркенбаев, «Ерлігі үшін» медаліның иегері А.А.Жорабаев, А.С.Валиахметов, «Таулы қарабақ» ардагер ұйымының ардагерлері: Б.А.Амреев, С.Кененбаев, Қ.Науан және Е.А.Темірғалиев қатысты.

Кеште сөз алғандар ел батырларының ерліктерін насихаттап, кейінгі толқын жастарға үлгі етті. Сұрапыл соғыстың ауыртпалығын, ол жылдарды ешқашан естен шығаруға болмайтынын айтты және елімізге тыныштық пен бейбіт өмір тіледі.

Тәуелсіз еліміздің бүгінгі ұрпақтары өз халқының төл тарихы мен мәдениетін және тарихи тұлғаларын танып-білуге деген ерекше құштарлығы қатты қуантады. Кез келген халықтың ұрпағы өз тарихының негізінде тәрбиеленсе, шынайы патриоттар шығатынын ескерген де абзал.

Қазақ жазушысы, әдебиет зерттеушісі, қоғам қайраткері Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллин 1915 жылы 15 қарашада Көкшетау облысы, Зеренді ауданы, Қойсалған ауылында дүниеге келген.

1941 жылы 22 маусымда дүние диірменнің тасындай шыр айналды. Мәлік Ғабдуллин дереу 15 шілдеде майданға аттанды. Ол генерал И.В Панфилов бастаған даңқты 8 гвардия дивизиясы құрамында Ұлы Отан соғысына басынан соңына дейін қатысты. Соғысқа барысымен 45 батареяның саяси жетекшісі болып бекітіледі, кейін 2-ші атқыштар батальонының комиссары, полк үгітшісі М. Ғабдуллин Мәскеу іргесіндегі шайқаста қаһармандықтың асқан үлгісін көрсетті. Рухы биік ұйымдастырушы, саяси жетекші ол соғыс өнерінің қыр-сырын толық меңгергендігімен ерекше көзге түсті.

М. Ғабдуллин майданда болған ерліктерімен ерекше көзге түсіп, Мәскеу түбіндегі шайқаста өзінің қайсарлығымен даңққа ие болды.

1943 жылы 30 қаңтарда Мәлік Ғабдуллинге Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. Бұл марапат оған тек әскери ерлігі үшін ғана емес, сонымен қатар қазақ жауынгерлерінің рухын көтеріп, оларға көмектескені үшін де берілді. Мәлік аға – соғыстағы ерліктерін жалғастырып, көптеген жауынгердің өмірін сақтап қалған қайталанбас ұлы тұлға.

Мәлік Ғабдуллиннің есімі тарихта батырлығымен ғана емес, қазақ әдебиетінің дамуына қосқан зор үлесімен де қалды.

Жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу – ел алдындағы біздің абыройлы міндетіміз. Ендеше, ата-бабаларымыздың үлгі-өнегесі мен мол мұрасын келер ұрпаққа жеткізу – «елім», «жерім» деп жүрегі соғатын әрбір қазақстандық азаматтың борышы.

 

Радиоэлектроника және байланыс әскери

          инженерлік институтының офицері

            аға лейтенант Ақжолқызы Мөлдір

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Қазақстан Республикасы Қарулы

           Күштерінің ардагерлерімен

 

 

        Іс-шараға арналған көрме

 

 

    Радиоэлектроника және байланыс

     әскери инженерлік институтының

   курсанттарының батырларға арнап

       өлеңдерін айтып жатқан сәтінен

__Последние новости

  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

Бүгін, 10:27
Админ
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03