«Дарбаза» полигонындағы жауынгерлік сынақ

Көктемгі шақырылыммен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының құрамындағы алтыншы механикаландырылған бригадаға келген 195 жас сарбаз Түркістан облысындағы «Дарбаза» оқу полигонында алғашқы жауынгерлік атыс пен ұрыс жағдайына барынша жақын ортада жаттығулардан өтті.

Админ

Сабақ барысында әскери қызметшілер АК-74 автоматынан алғашқы жауынгерлік атысты орындап, қарсылас танкісіне қарай окоптан қолмен граната лақтыруды, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы кезінен бері қолданылып келе жатқан «танкпен шайқасу» элементін орындады. 40 тонналық техника шынжыр табандарының күркірі мен атылған оқтардың дыбысы астында жас жауынгерлер қарсылас техникасынан қорықпай, күйзеліске төтеп беруді үйренді.

Практикалық жаттығулардың алдында сарбаздармен Т-72 танкісінің тактикалық-техникалық сипаттамалары, атыс қаруы және жарылғыш заттар бойынша теориялық сабақтар өткізілді. Алғашқы болып барлық сынақ кезеңдерінен командирлер мен сержанттар өтіп, жеке үлгі көрсетті. Одан кейін оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға жас сарбаздар кірісті.

– Бүгін алғаш рет жауынгерлік қарудан оқ аттық, граната лақтырдық, түтін, окоп және тікенекті сымдар арқылы өттік. Бәрі де оқ-дәрі дауыстары мен танк қозғалтқышының дыбысы астында өтті. Сезім ерекше, енді өзімізді нағыз сарбаздай сезіне бастадық, - деп бөлісті қатардағы жауынгер Рауан Насылхан.

Айналаны оқ пен жарылыс шырмағанда, әр әрекетті алдын ала ойластырып, қалқалау астында әрекет ету қажет. Командирлердің айтуынша, мұндай жаттығулар жауынгердің рухын және дене даярлығын шыңдауға, төзімділік, өзін-өзі бақылау мен жылдам әрекет ету қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

Практикалық жаттығулардан кейін бөлімше командирлері нәтижелерді қорытындылап, жеке құрамның белсенділігін атап өтіп, сарбаздарды бастапқы әскери дайындық кезеңінің маңызды сынағынан сәтті өткенімен құттықтады. Оларды алда Әскери ант қабылдау және Отан алдындағы қызметті жалғастыру күтіп тұр.

 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

__Последние новости

  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

Бүгін, 10:27
Админ
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03