СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

Абай гарнизонының жас сарбаздары танкіге қарсы тұру оқу-жаттығуына қатысты. Осы көктемде шақырылған сарбаздар алғаш рет қолдарына қару ұстап, автоматтан оқ атып, танкіге қарсы тұрды.

Админ

         Жуырда қабылданған жас сарбаздар окопқа жасырынып, әскери техниканы өздерінің үстінен өткізді. Содан кейін жау танкісіне қарсы граната лақтырды.

         Тапсырманы орындамас бұрын сарбаздарға шартты қарсыластың танктеріне қарсы тұрудың әдістері түсіндірілді. Сондай-ақ оларға әртүрлі ұрыс жағдайында танкке қарсы гранаталарды және қару-жарақты қолдану ережелері мен тәсілдері түсіндірілді.

 Әскерге келгенімізге бір айдан асты және осы қысқа уақыт аралығында біздің нұсқаушыларымыздан көптеген нәрселер үйрендік. Мені қарулас жолдастарым қарсылас танкіні жойғаныммен құттықтады. Басында қобалжу болды, осындай зілдей техника үстіңнен өткенде үрейге жол бермей, командирлердің қойған тапсырмасын абыроймен орындай білдік, - дейді Түркістан облысынан шақырылған қатардағы жауынгер Жанболат Аман.

         Броньдалған бірнеше тонналық техниканың астына жатып, оған қарсы тұруға машықтандыру, жас сарбаздардың өздеріне деген сенімділікті арттыруына өте үлкен рөл атқарады. Бұндай әсерлі жаттығудан кейін жас сарбаздар өздерін нағыз жауынгер және Отан қорғаушы сезінері сөзсіз.  

 

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

 

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19