Әскери міндеттілер ант қабылдады

«Ақтас» оқу-жаттығу полигонында алғаш рет он күндік әскери жиынға барған және бұрын Отан алдындағы борышын өткермеген әскери міндеттілердің әскери ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті.

Админ

Іс-шараға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Ержан Мейірманов, аумақтық қорғаныс бригадасының қолбасшылығы, қалалық әкімдік өкілдері және Қарулы Күштердің ардагерлері қатысты.     

– Бүгін бәрің үшін маңызды әрі жауапты күн. Әскери міндеттілер жиынында Әскери ант бердіңдер. Бұл жай ғана заңды факт емес, сонымен қатар жоғары азаматтық борышты көрсететін моральдық міндеттеме. Осындай жиын сендердің кәсіби дағдыларыңды жетілдіруге, оған қоса аумақтық қорғаныс негіздерін нығайтуға ықпал етеді, - деп атап өтті Шымкент қаласы аумақтық қорғаныс бригадасының командирі полковник Бақытжан Әшімов.

Салтанатты рәсім барысында әскери міндеттілер әскери борышын лайықты орындауға, мемлекеттің, халықтың және оның заңды сайланған Президентінің бостандығын, тәуелсіздігі мен конституциялық құрылысын қорғауға ант берді.

Естеріңізге сала кетсек, әскери міндеттілермен он күндік жиын аясында Шымкент қаласының аумақтық қорғаныс бригадасында тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өтіп жатыр. Оның барысында республикалық маңызы бар қаланың әскери және мемлекеттік объектілерін жауынгерлік үйлестіру, күзету мен қорғауды ұйымдастыру мәселелері пысықталуда.

 

__Последние новости

  • Басты назарда

«Ерен туған ер Мәлік» атты патриоттық кеш

Кеше, 16:25
Админ
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03
  • Басты назарда

Запасқа шықты сарбаздар

05/05/2025 - 18:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздар қатары

05/05/2025 - 14:19