Ашық есік күні ұйымдастырылды

Әскери-теңіз күштері теңіз жаяу әскерлері десанттық-шабуылдау батальонында әскерге шақырылушылардың туыстарымен өткен кездесуге жүзден астам адам келді.

Админ

Бөлім басшылығы матростардың күнделікті өмірі, теңіз бөлімшелеріндегі қызметтің ерекшелігі туралы егжей-тегжейлі айтып, келушілердің сұрақтарына жауап берді.

Қонақтар әскери бөлімнің казармасын аралап көрді. Асханаға барып, тамақтану рационымен танысты. Әскери техника мен қару-жарақ көрмесінде сарбаздарды оқытуда және күнделікті қызметте қолданылатын үлгілерді көрді.

– Менің ұлым Әскери-теңіз күштерінде бір айдан астам уақыт қызмет етті. Оның элиталық әскери бөлімге келгеніне өте қуаныштымын. Сарбаздардың жатын орны жаңа. Бәрі тап-тұйнақтай таза екен. Біз оқу процесінің, тұрмыстық және тамақтану жағдайларының қалай ұйымдастырылғанын өз көзімізбен көрдік. Матростардың дастарханынан да дәм таттық. Ұйымдастырушыларға рахмет айтамын, - деді Ақтөбе облысынан келген Анар Смайылова.

Айта кету керек, өткен жексенбіде матростар ант қабылдады. Енді олар Әскери-теңіз күштерінің бөлімшелерінде – теңіз жаяу әскерлерінің десанттық шабуылдау батальонында, коменданттық ротада және әртекті кемелер дивизионында қызмет етеді.

 

 

Адал қызмет етуге серт берді

 

Теңіз жаяу әскері бригадасының саптық алаңына әскери бөлімдердің командирлері, Қарулы Күштердің ардагерлері, Ауған соғысының жауынгерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және екі мыңнан астам сарбаздың ата-аналары мен жақындары жиналды.

Іс-шара Жауынгерлік тудың шығарылуы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының орындалуымен ашылды.

– Бүгін біз үшін ерекше күн. Өңірлік қолбасшылықтың әскери бөлімдерінде ант қабылдау рәсімі өтіп жатыр. Бұл – Қарулы Күштерге қабылданған әрбір азаматтың қасиетті серті. Бұл күн сіздердің жадыларыңызда мәңгі сақталады деп сенемін. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, әскери қызметте сәттілік тілеймін, - деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Бауыржан Артықов.

Ант қабылдағаннан кейін сарбаздар қызметтің келесі кезеңіне – кіші мамандарды дайындау бағдарламасы бойынша қарқынды жауынгерлік оқуға кіріседі. Алты айдан соң олар артиллерист, танкист, байланысшы, атқыш сынды әскери мамандықтарды меңгеріп, тәжірибелі жауынгерлердің қатарына қосылады. Жас сарбаздар Қазақстанның тоғыз өңірінен шақыртылған.

Ата-аналардың ұлдарымен кездесуі ерекше әсерлі болды. Жас сарбаздың анасы Фарида Жанова өз қуанышымен бөлісті:

– Мен Оралдан келдім, ұлымды қатты сағындым – бір ай көрмедік. Ол есейіп, шымыр болыпты. Командирлерге үлкен алғыс айтамын. Балаларымыз антына адал болып, қызметтерін абыроймен атқарсын, -деді ол.

Ресми бөлім аяқталған соң жас сарбаздар саптық дайындық, қоян-қолтық ұрыстан, көзді жұмып автоматты бөлшектеп-жинаудан машықтарын көрсетті. Барлау бөлімшелері тұтқындарды босату, қару қолдану және жақын ұрыстағы шеберліктерін паш етті.

Қонақтарға әскери техника мен қару-жарақ көрмесі ұйымдастырылып, әскери бөлім командирлерімен кездесу өтті. Іс-шара соңында сарбаздар алғашқы сейілдемелерін алып, оны жақындарымен бірге өткізді.

__Последние новости

  • Басты назарда

«Дарбаза» полигонындағы жауынгерлік сынақ

Бүгін, 10:24
Админ
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

Кеше, 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03
  • Басты назарда

Запасқа шықты сарбаздар

05/05/2025 - 18:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздар қатары

05/05/2025 - 14:19