Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

Семейде әскери қызметшілердің жұбайлары мен отбасы мүшелеріне жүріс-тұрысты қалыптастыру мен суретке сәтті түсудің жолдары көрсетілген шеберлік сабақтары өткізілді. Алғаш рет өткізіліп отырған шара қалалық мәдениет сарайында ұйымдастырылып, шеберлік сабағын тәжірибелі маман «Гүл сымбат» сән театрының жетекшісі Әсем Садуақасова жүргізді.

Админ

         «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің жетекшісі Ақмарал Ахметжанованың айтуынша, аталған іс-шараға әскери қызметшілердің бала күтімімен үйде отырған аналар да көптеп келді.

         – Шеберлік сабағының басты мақсаты үйде отырған әскери қызметшілердің жұбайларының бос уақыттарын тиімді пайдалануын қамтамасыз ету. Біз күнделікті өмірде көңіл бөле бермейтін жай ғана жүріс-тұрыстың өзі адамның психологиялық жағдайын аңғартады. Дұрыс жүрмеу денсаулыққа кері әсерін тигізеді. Сондықтан осындай шеберлік сабақтардың маңызы зор. Бұл – бастамасы, алдағы уақытта да осындай сабақтар жалғасын табады деп ойлаймын, - дейді Ақмарал Ахметжанова.

         Шеберлік сабағы барысында «Гүл сымбат» сән театрының жетекшісі Әсем Садуақасова дефиле, яғни, жүріс-тұрыстың қарапайым ережелерін үйретті. Осы алғы шарттардың өзін дұрыс қолдану адам жүрісіне оң әсерін тигізеді дейді мамандар. Көпбалалы ана, әскери қызметшінің жұбайы Балнұр Рыспаева шеберлік сабағы барысында жүріс-тұрыстың қарапайым ережелерін біліп қалдық дейді.

Біз күнделікті өмірде өзіміздің жүрыс-тұрысымызға, өзімізді ұстауға көп мән бермейді екенбіз. Сол нәрселерді осы жерге келіп үйреніп жатырмыз. Осындай шараның ұйымдастырылып жатқанына алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта да осындай сабақтар көбірек ұйымдастырылса екен. Біз сияқты үйде отырған аналар үшін бұл – жақсы мүмкіндік, - дейді Балнұр Рыспаева.

 

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02