Ерекше сәттерімен есте қалған форум

Астанада ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында ұйымдастырылған «Ұлының әскери қызмет ету жолындағы ана даналығы» II республикалық форумына «Шығыс» өңірлік қолбасшылығынан қатысудың сәті түсті.

Админ

Әскердегі анасы ретінде 44736 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Мақсат Сәбитовтың шашбауын көтеріп бардым. Форумның салтанатты бөлігінде сарбаздың анасымен қауышып, әңгімелестік. Бірақ баласының да форумға  келгені туралы тіс жармадық. Ол сахнаға шақырылды. Қорғаныс министрлігінің басшылығынан марапат алды. Аналар күніне арналған ұлының құттықтауын сахнада видео арқылы тамашалады. Тек салтанатты шараның соңында ғана форумға келген аналардың алдына құшақ толы гүлімен ұлдарының шыққаны ерекше сәт болды. Мұндай тосынсыйды күтпесе керек, қуаныштан өз көздеріне өздері сенбей таңырқап қалды.

   Форумда ҚР Қарулы Күштерінде әскери қызметін абыроймен атқарып, өзін үлгілі сарбаз ретінде көрсеткен, сондай-ақ, өз ісіне адал, қойылған тапсырмаларды орындауға үлкен жауапкершілікпен қарайтын, еңбексүйгіш, әскери істі үйренуде бар ынта-жігері мен күш-қуатын аямайтын сарбаз ретінде танылған және сыпайы мінезімен ерекшеленген бір топ сарбаз Қорғаныс министрлігінің алғысын алды. Әскери қызметтің міндетін адал және ынта-жігерімен атқарғаны, әскери борышын орындау кезіндегі жетістіктері мен парасатты бастамасы үшін 44736 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Мақсат Бейбітұлы Сәбитов те Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаевтың грамотасымен марапатталды.

   Ал, «Аналардың жүректері» сарбаздар аналары кеңесі берген алғыс хатта: «Сіз Отан алдындағы қасиетті борышын адал өтеп, еліміздің тыныштығы мен бейбіт өмірі үшін үлес қосып отырған ержүрек сарбазды өмірге әкелдіңіз. Бұл – нағыз аналық ерлік пен биік азаматтықтың айғағы. Сіздің мейіріміңіз, табандылығыңыз бен ұлыңызға дарытқан асыл қасиеттері еліміздің қорғаны болып тұрған сарбаздың бойынан көрініс табуда. Ананың жүрегінен басталған тәрбие – ел тірегі, ұрпақ болашағының кепілі» делінген. Жас жауынгерлерге 10 күндік демалыс та берілді.

   Республикалық форум әскерге шақырылушылардың бойындағы әскери-патриоттық қасиеттерді қалыптастырудағы ананың рөлін айшықтаған, сарбаз аналары арқылы әскери қызметке деген сенімді нығайтудың маңыздылығын танытқан айтулы басқосу болды.    

 

Гүлфат Рафикова,

44736 әскери бөлімі тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі

бөлім бастығының әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен

жұмысты ұйымдастыру жөніндегі көмекшісі

__Последние новости

  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

Кеше, 16:21
Админ
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

Кеше, 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03
  • Басты назарда

Запасқа шықты сарбаздар

05/05/2025 - 18:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздар қатары

05/05/2025 - 14:19
  • Басты назарда

Далалық лагердегі дайындық

01/05/2025 - 13:57