Батыр атындағы көше барынша тазаланды

Кеңес Одағының Батыры Айткеш Ыбраев атындағы көшеде «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы  44736 әскери бөлімінің бастамасымен сенбілік ұйымдастырылды. Ол Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналды. 

Админ

   Бөлім әскерилері бұған дейінгі жылдарда қамқорлыққа алынған қарт жауынгерлердің ауласындағы тазалық жұмыстарына қатысатын. Бұл сенбілікке әскери бөлімнің Қарулы Күштер ардагерлері, азаматтық персонал қызметкерлері, әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен бірге «Жас ұлан» ерлер лицейінің тәрбиеленушілері қосылды. Олар Кеңес Одағының Батыры Айткеш Ыбраев атындағы көше бойын жағалай жүріп, күл-қоқыстан тазартты. Кепкен ағаштардан да арылтты. Осылайша қаланы  көркейту мен көгалдандыруға өз үлестерін қосты. Жеңістің 80 жылдығына арналған шара Ұлы Отан соғысына қатысқандар туралы тарихты мәңгі есте сақтау арқылы патриотизм құндылықтарын дәріптеу әрі экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мақсатын көздейді. Әскери бөлім командирі подполковник Талап Бирбаланов жетекшілік еткен тазалық сенбілігі жоғары деңгейде өтті.

   Тарих деректеріне жүгінсек, Айткеш Ыбраев соғысқа 1942 жылы 7 қыркүйекте Семей облысының Жаңасемей ауданы әскери комиссариатынан шақырылып, Саратов облысының Балаково қаласында эвакуацияланған Симферополь пулеметті-минометшілер әскери училищесіне оқуға жіберілді. Солтүстік-Батыс майдандағы 380-ші атқыштар дивизиясының 1264-ші атқыштар полкінің құрамында 45 миллиметрлі қарудың командирі болды. Жирковский биігінің қорғаныс операциясы кезінде үлкен шығынға ұшыраған дивизия қолбасшылықтың бұйрығымен резервке жіберілсе де, сержант Ыбраев 1942 жылдың қыркүйек айында қайта сапқа қосылды. Калинин майданы 39-шы армиясының, Батыс майданы 30-шы армиясының құрамында Ржев шайқасына, 1943 жылдың ақпан айында Солтүстік-Батыс майданның 53-ші және 1-ші екпінді армияларының құрамында Демянск қорғаныс операциясына қатысты. Аға сержант әскери шенін алып, 45 миллиметрлік зеңбіректер взводы командирі атанды. Курск доғасындағы шайқастағы әрі Брянск операциясындағы ержүректілігі үшін жауынгерлік награда – «Қызыл Жұлдыз» орденін алды. Гомель-Речицкий операциясынан кейін старшина атанды. 1944 жылдың 23-ші маусымында басталған «Багратион» операциясында Айткеш Ыбраевтың взводы Минск түбінде қоршауда қалған неміс басқыншыларының көзін жойды. Әскер шебін бұзуға әрекеттенген жаудың 192 офицері мен солдатының, 19 автомашинасының, қару-жарақ тиелген 55 көлігінің, танкіге қарсы 6 зеңбірегі мен 12 пулеметінің күлін көкке ұшырды. Старшинаның өзі бетпе-бет келген сегіз фашисті өлтірді. Ал, Белосток операциясында Нижние Погороны деревнясын азат етуде взводтың жеке құрамы жауға қарсы аямай соққы берді. Соның нәтижесінде вермахтың 27 солдаты мен оқ жаудырып тұрған 6 нүктесі талқандалды. 1944 жылдың 20 шілдесінде болған бұл ұрыста жасы 20-ға да толмаған Айткеш Ыбраев ерлікпен қаза тапты. Кеңес Одағының Батыры атағы 1945 жылы 24 март күні берілді.  

   Жаудың снаряды жарылғанда денесі бөліктеніп, сүйектерін теріп алып жерлегендіктен, сүйегін елге әкелу мүмкін болмады. Батыр Беларусь Республикасы Гродно облысының Индура деревнясында жатыр. Айткеш Абайұлы Ыбраевтың туғанына биыл 15 мамырда 101 жыл толады. Өкініштісі сол, артында ұрпағы да қалмады.

 

                                                                                                           Алуа Искакова

Суретті түсірген автор

__Последние новости

  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

Кеше, 16:21
Админ
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

Кеше, 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03
  • Басты назарда

Запасқа шықты сарбаздар

05/05/2025 - 18:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздар қатары

05/05/2025 - 14:19
  • Басты назарда

Далалық лагердегі дайындық

01/05/2025 - 13:57