ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

Астана қаласында «Токио» коворкинг-орталығында «Жоғары оқу орнындағы педагогикалық технопарк: идеядан іске асыруға дейін» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Админ

Іс-шараны ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті. Талқылауға оннан астам алдыңғы қатарлы әскери, азаматтық және шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері мен педагогикалық инновациялар мен цифрлық технологиялар саласындағы сарапшылар қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – жоғары оқу орындарында, соның ішінде әскери білім беру жүйесінде, білім беру ортасын ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін талқылау болды. Талқылаудың негізгі өзегі – цифрлық трансформацияны іске асыруға арналған технологиялық және әдістемелік платформа ретінде қарастырылған педагогикалық технопарк болды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті құрылымында жасалып жатқан педагогикалық технопарк – бұл Инновациялық оқыту орталығы ретінде қарастырылады. Ол үш білім беру алаңынан тұрады:

IT/VR/AR зертханасы – бұл кәсіби жағдайларды модельдеуге және цифрлық құзыреттерді дамытуға бағытталған заманауи білім беру кеңістігі. Зертхана моноблоктармен, планшеттермен, ноутбуктермен және виртуалды мен кеңейтілген шынайылық құрылғыларымен жабдықталған. Мұнда тактикалық, командалық және басқарушылық сценарийлер құрастырылып, цифрлық платформалар мен симуляторлар меңгеріледі. Бұл – әскери қызмет жағдайында қажетті ақпараттық-аналитикалық және кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға ықпал етеді.

Педагогикалық шеберлік медиастудиясы – оқытушының цифрлық және вербалды мәдениетін дамытуға арналған. Бұл кәсіби бейнекамералармен, микрофондармен, жарық құралдарымен, телесуфлёрмен және бейнемонтаж станцияларымен жабдықталған арнайы кеңістік. Онда оқу бейнематериалдары, интерактивті курстар мен подкасттар әзірленеді. Медиастудия оқытушылардың көпшілік алдында сөйлеу, оқу материалдарын визуализациялау және мультимедиялық контент жасаудағы дағдыларын жетілдіруге жағдай жасайды. Бұл – цифрлық трансформация жағдайындағы оқыту үшін маңызды вербалды, әлеуметтік-коммуникативтік және технологиялық құзыреттерді қалыптастырады.

Инновациялық оқыту зертханасы – заманауи педагогикалық тәсілдерді сынақтан өткізу мен енгізуге арналған трансформативті кеңістік. Ол интерактивті панельдермен, симуляторлармен, геймификациялық құралдармен, мобильді тренингтік станциялармен және визуалды модельдеу құралдарымен жабдықталған. Бұл зертханада оқытушылар кейс-әдісті, аралас оқытуды, жеке білім траекторияларын және жасанды интеллект аналитикасын меңгереді. Зертхана – пән мазмұнын жаңарту мен офицерлерді сапалы даярлауға бағытталған педагогикалық және зерттеу құзыреттерін дамытуға арналған әдістемелік полигон рөлін атқарады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар технопарктың тұрақты әдістемелік және нормативтік базасын құрудың маңыздылығын атап өтті. Оқыту ресурстарымен танысу, цифрлық құралдарды практикалық қолдану және нәтижелерді талдау кезеңдерін қамтитын оқытушыларды даярлаудың үш сатылы жүйесі ұсынылды.

Дөңгелек үстел аясында Қорғаныс министрлігі, Назарбаев Университеті (NU), Astana IT University, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, сондай-ақ Ресей Федерациясының Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті сияқты шетелдік әріптестердің өкілдерінің баяндамалары мен сөз сөйлеулері тыңдалды.

 

Маңызды оқиғалардың бірі – Ұлттық қорғаныс университеті мен Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы арасындағы кітапханааралық алмасу туралы меморандумның таныстырылымы болды.

Талқылау қорытындысы бойынша қабылданған резолюцияда педагогикалық технопаркты дамытудың негізгі бағыттары көрсетілді. Олар: ресурс картасын жобалау, цифрлық білім беру модельдерін енгізу, инновациялық қызметке дайын оқытушылардың кәсіби қауымдастығын қалыптастыру. Сонымен қатар жоғары оқу орындары арасындағы өзара ынтымақтастық пен әдістемелік шешімдер мен үздік тәжірибелермен алмасуға ашықтықтың маңыздылығы атап өтілді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті базасында педагогикалық технопарктың құрылуы – әскери білім беру жүйесін технологиялық тұрғыдан жаңаша пайымдауға серпін беретін стратегиялық бастама болып табылады. Бұл университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ оны жаңа буынның ғылыми-білім беру орталығы ретінде нығайтуға ықпал етеді.

__Последние новости

  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

Кеше, 16:21
Админ
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

Кеше, 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03
  • Басты назарда

Запасқа шықты сарбаздар

05/05/2025 - 18:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздар қатары

05/05/2025 - 14:19
  • Басты назарда

Далалық лагердегі дайындық

01/05/2025 - 13:57