Әскери қызметшілер үшін төлем мерзімін кейінге қалдыру: нені білу қажет?

2024 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мерзімді әскери қызмет өткеретін азаматтар микрокредиттер мен банктік қарыздар бойынша өз міндеттемелерін орындауды кейінге қалдыру құқығына ие болды.

Админ

Қағидаларға сәйкес, барлық қызмет ету мерзіміне және демобилизациядан кейін 60 күн ішінде пайыздар, айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмей төлем мерзімі кейінге қалдырылады.

 2025 жылдың басындағы деректерге сәйкес, мерзімді әскери қызметке шақырылған 22,4 мың қарыз алушының 20,1 мыңының қарыздары кейінге қалдырылды. Кейінге қалдырылған қарыздардың жалпы сомасы 7,5 млрд теңгені құрады.

Төлем мерзімін кейінге қалдыру үшін не істеу керек?

Төлем мерзімін кейінге қалдыру өтінішсіз беріледі: шақыру туралы деректерді Қорғаныс министрлігі кредиттік бюроға, содан кейін банктер мен микроқаржы ұйымдарына жібереді. Банктер мен микроқаржы ұйымдары хабарламаны алған сәттен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде төлем мерзімін кейінге қалдыруды ресімдеуге міндетті.

Ақпараттандыру жазбаша және/немесе онлайн режимінде жеке қатысу қажеттілігінсіз немесе қосымша келісімдерге қол қоюсыз жүзеге асырылады.Шара негізгі борыш пен есептелетін сыйақыға қолданылады.

Сондай-ақ, кейінге қалдыру кезеңінде айыппұлдар, өсімпұлдар есептеуге және өндіріп алу шараларын қолдануға тыйым салынады. Әскери бөлімнің тізімінен мерзімінен бұрын шығарылған жағдайда төлем мерзімін кейінге қалдыру тағы 60 күнге сақталады.

Төлем мерзімін кейінге қалдырудан бас тартуды қаласа, қарыз алушы күнтізбелік 14 күн ішінде жазбаша өтініш жолдауға құқылы, мұндай жағдайда кредитор кейінге қалдыруды қолдануды жояды. 

Егер кредит бойынша сот шешімі шығарылса, татуласу келісімі жасалса немесе атқарушылық жазба ресімделсе, төлем мерзімі кейінге қалдырылмайды. Төлем мерзімі автоматты түрде кейінгі қалдырылмаған жағдайда, әскери қызметші:

- қаржы ұйымына жазбаша өтініш жібере алады;

- Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгіне алады.

 2025 жылғы 9 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Түзетулердің қатарында - әскери қызметшілерге мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде қарыз беруге тыйым салуды енгізу.

Өзге де пайдалы материалдармен Fingramota.kz сайтынан таныса аласыздар.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

__Последние новости

  • Басты назарда

Запасқа шықты сарбаздар

05/05/2025 - 18:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздар қатары

05/05/2025 - 14:19
  • Басты назарда

Далалық лагердегі дайындық

01/05/2025 - 13:57
  • Басты назарда

Жеңіс мерекесіне арналған турнир

30/04/2025 - 11:54
  • Басты назарда

Сөнбейді әке, шырағың!

30/04/2025 - 11:51
  • Басты назарда

Жеңіс жолын жалғастырушы

28/04/2025 - 13:50
  • Басты назарда

Ұлы Жеңіске арнау

28/04/2025 - 11:53
  • Басты назарда

Үстел ойынының жеңімпазы

28/04/2025 - 10:48
  • Басты назарда

Ұлық мерекеге арналды

27/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Мен атаммен мақтанамын!

27/04/2025 - 11:52
  • Басты назарда

Қарт майдангерге құрмет көрсетілді

26/04/2025 - 15:40