Приозерск гарнизонында орналасқан 44841 әскери бөлімінде өздерінің мерзімдік әскери қызметін абыроймен атқарған әскери қызметшілерді запасқа шығару рәсімі болып өтті.
Бір қатармен бой түзеген сарбаздарға әскери бөлімнің жеке құрамы зор құрмет көрсетті.
Салтанатты шығарып салу рәсіміне 44841 әскери бөлімінің командирі полковник Савальев Дидар Шаймуратович өзі басшылық етті.
Бір жыл бойы әскери өмірде шыңдалған мерзімдік қызмет әскери қызметшілері көп жылдық тарихы бар әскери ортада берілген тапсырмалар мен қызметтік міндеттерді орындау барысында асқан жауапкершілік таныта білді. Салтанатты жиында Приозерск гарнизонындағы Қарулы Күштер ардагерлері ұжымының төрағасы, Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы Тілек Кенжебеков құттықтау сөз сөйлеп, запасқа шығатын сарбаздардың алдағы өмірлеріне ақ жол тіледі.
Мінберге көтерілген ардагер ағалар Крупский Валерий Викторович пен Эсанов Андрей Эдуардович: Көп жылдық тарихы бар әскери ортада шыңдалып, осы сапта тұрған әрбір сарбаз берілген тапсырманы орындау мен әскери қызметтік міндетке адалдық таныта білдіңіздер. Сол үшін барлық запасқа шығатын мерзімдік қызмет әскери қызметшілеріне айтар алғысымыз шексіз! Жолдарыңыз болсын! Аман-есен өздеріңіздің туып-өскен жанұяларыңызға жетулеріңізге шын жүректен тілектеспін!» - деп жүрек тебіренісін жеткізді.
Запасқа шығатын мерзімдік қызмет әскери қызметшілерінің атынан сөз сөйлеген қатардағы жауынгер Түглкібай Жандос Жанабекұлы әскери бөлімнің басшылығы мен тікелей басқарған командирлеріне шексіз алғысын білдіріп, алдағы күндеріне зор табыстар тіледі.Марапаттау сәтінде запасқа шығатын сарбаздардың алдыңғы легі әскери бөлім атынан келіп түскен Мақтау қағазымен марапаттталса, бірқатар үздік танылған сарбаздар жауынгерлік тудың жанында түскен естелік фотосуретіне ие болып, жалғасын тапқан марапаттау кезінде 44841 әскери бөлімінің командирі Савальев Дидар Шаймуратович жеке құрамның басым көпшілігіне өз атынан дайындаған мақтау қағазы мен үздік сарбаз төс белгісін табыстады.
Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы Думан Жұмашұлы