Жас сарбаздар қатары

"Астана"өңірлік қолбасшылығы әскерлері 06708 әскери бөлімінің басшылығы әскер қатарына Қарағанды облысынан шақырылған жастарды салтанатты түрде қарсы алды.

Админ

06708 әскери бөлімінің командирі подполковник Шарипов Дамир Алтаевич жас сарбаздарға Отанға қызмет етудің маңыздылығын жеткізіп, олардың алдағы әскер міндетті орындау қызметтеріне зор табыстар тіледі. Әскери бөлімдегі жеке құрамының қатарын толықтырушы жас сарбаздар әскер бөлімнің аумағындағы жақында ғана күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілген Сарбаздар үй-жайына орналастырылды. Жас сарбаздарды әскери өмірге бейімдеу мен әскери қызметті атқаруға дұрыс жол көрсету мақсатындағы Жас сарбаздар жиынының басшылық құрамымен таныстырып, оларға Жас сарбаздар жиынының жұмыс жоспары жеткізілді. Салтанатты қарсы алу рәсіміне қатысқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері, Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы Тілек Кенжебеков жас сарбаздарымен қол алысып, олардың Отан алдындағы борышын өтеудегі қызметтеріне зор табыстар тіледі.          

             

Әскери бөлімінің жеке құрамын алғашқы болып толықтырған Қарағанды облысының жастары болса, ендігі кезекте Қостанай облысы, Қызылорда облысы және Ұлытау облысынан әскер қатарына шақырылған жастар келеді деп, күтілуде.  

                                          

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы Думан Жұмашұлы

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19