«Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына балалар келді

Ақтөбе гарнизонында орналасқан әскери бөлімдер мен мекемелердің әскери қызметшілерінің он үш баласы Түркістан облысына келді, олар бірнеше апта бойы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында болады.

Админ

Балалардың сапары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әлеуметтік бастамалары аясында ұйымдастырылып, әскери қызметшілердің отбасыларына қолдау көрсету және өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған. «Балдәурен» орталығы дәстүрлі түрде 11 жастан 15 жасқа дейінгі шығармашылық және спорттық байқаулардың жеңімпаздарын, оқу озаттарын, сондай-ақ көп балалы, толық емес отбасылар мен шалғай гарнизондарда қызмет ететін әскери қызметшілердің балаларын қабылдайды.

Балаларды лагерге алып келген, аға лейтенант Назым Қожахметованың айтуынша, орталыққа барар жол балалар үшін бір-бірімен танысып, достасуға және бірлік атмосферасын қалыптастыруға мүмкіндік болды.

– Балалар бір-бірімен жақынырақ танысып үлгерді, олардың арасында нағыз достық қарым-қатынас орнады. «Балдәурен» орталығының басшылығына әскери қызметшілердің балаларына көрсеткен қамқорлығы үшін, сондай-ақ біздің балаларымызға осындай құнды әсер қалдыруға мүмкіндік берген Қорғаныс министрлігіне алғысым шексіз, - деді ол.

«Балдәурен» орталығы денсаулық сақтау мен білім беру қызметін сәтті үйлестіреді. Мұнда сабақ уақытында тәжірибелі мұғалімдермен мектеп бағдарламасына сәйкес сабақтар ұйымдастырылады, ал демалыс кезінде белсенді демалу бағдарламалары жүзеге асырылады, оның ішінде әскери-патриоттық іс-шаралар, әскери бөлімдерге экскурсиялар, тақырыптық ойындар мен шығармашылық байқаулар өткізіледі.

Мұндай іс-шаралар балалардың физикалық денсаулығын нығайтуға ғана емес, азаматтық жауапкершілік сезімін, отансүйгіштік пен ұжымдық рухты дамытуға ықпал етеді. Әскери қызметшілердің балалары үшін бұл – мемлекеттің қолдауын сезінудің, сондай-ақ ата-анасының қызмет етуінің маңыздылығын сезінудің бірегей мүмкіндігі.

Балаларды алдағы уақытта пайдалы білім мен тәжірибе, жаңа достар мен ұмытылмас әсерлер күтіп тұр. Ең бастысы, олардың әрқайсысы өз үйіне білім мен эмоциялардың багажын ғана емес, сонымен бірге отбасына, армияға және өз еліне деген мақтаныш сезімін ала алады.

 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

__Последние новости

  • Басты назарда

Далалық лагердегі дайындық

01/05/2025 - 13:57
  • Басты назарда

Жеңіс мерекесіне арналған турнир

30/04/2025 - 11:54
  • Басты назарда

Сөнбейді әке, шырағың!

30/04/2025 - 11:51
  • Басты назарда

Жеңіс жолын жалғастырушы

28/04/2025 - 13:50
  • Басты назарда

Ұлы Жеңіске арнау

28/04/2025 - 11:53
  • Басты назарда

Үстел ойынының жеңімпазы

28/04/2025 - 10:48
  • Басты назарда

Ұлық мерекеге арналды

27/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Мен атаммен мақтанамын!

27/04/2025 - 11:52
  • Басты назарда

Қарт майдангерге құрмет көрсетілді

26/04/2025 - 15:40
  • Басты назарда

Ерлік пен батырлыққа толы жүз жыл

26/04/2025 - 10:39
  • Басты назарда

Ғасыр жасаған ардагер

25/04/2025 - 16:37