Патриоттық тәрбиеге арналған тағылымды кездесу

Қарағанды қаласындағы №16 мектепте өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында мазмұнды кездесу өтті. «Айбынды жастар – ел тірегі» тақырыбында өткен шарада С-300 зениттік-зымырандық дивизионы командирінің тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары майор Рамазан Бақтияров мектеп оқушыларымен жүздесіп, ел қорғаны – ертеңгі жас сарбаздар туралы мазмұнды ой бөлісті.

Админ

  Кездесу барысында майор Рамазан Бақтияров жасөспірімдерге патриоттық рухтың мәнін түсіндіре отырып, Отанға деген сүйіспеншілік пен елге адал қызмет ету – әр азаматтың басты борышы екенін атап өтті.

   – Бүгінгі жастар – ел ертеңі. Бейбіт күннің бағасын білетін, рухы биік, отансүйгіш жастар – ел болашағының кепілі. Ел тыныштығы – бойында жігері, қайраты мен білімі бар жастардың қолында. Қазір мемлекет тарапынан жастардың әскери борышын өтеуіне толық мүмкіндік жасалған. Әскери өмір – тек тәртіп пен тәрбие мектебі ғана емес, нағыз азамат болуға бастайтын жол, деді - С-300 зениттік-зымырандық дивизионы командирінің тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары Рамазан Бақтияров.

  Кездесуге «Аналар жүрегі» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша өкілі, патриоттық тәрбие саласының белсендісі Зағира Әубәкірова да арнайы қатысты. Ол мектеп оқушыларына әскери өмірдің қыр-сырын таныстырып, сарбаздар күнделікті қандай тәртіппен өмір сүретінін, Отан алдындағы қызметтің маңыздылығын түсіндірді.

   – Шекарасы берік елдің іргесі де бүтін. Біз жас ұрпақты елін, жерін сүйетін, ұлттық рухы жоғары азамат етіп тәрбиелеуге тиіспіз. Мұндай кездесулер – оқушыларға рухани серпін береді, армияға, Отан алдындағы парызға деген көзқарасын қалыптастырады, - дейді «Аналар жүрегі» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша өкілі Зағира Әубәкірова.

  Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әскери өмір, сарбаздық күн тәртібі, қызметтің ерекшеліктері туралы тың мәліметтер алды. Майор Бақтияров жас буынға ізгі тілегін арнап, білім мен тәртіп, адалдық пен жауапкершілік әрбір азаматтың бойында болуы керек қасиет екенін еске салды. Осындай тағылымды кездесулер арқылы оқушылар тек әскери мамандықтар жайлы мағлұмат алып қана қоймай, елге, жерге деген сүйіспеншілік, патриоттық сезім сынды құндылықтарды бойына сіңіріп, болашаққа нық қадам жасайды.

__Последние новости

  • Басты назарда

Далалық лагердегі дайындық

01/05/2025 - 13:57
  • Басты назарда

Жеңіс мерекесіне арналған турнир

30/04/2025 - 11:54
  • Басты назарда

Сөнбейді әке, шырағың!

30/04/2025 - 11:51
  • Басты назарда

Жеңіс жолын жалғастырушы

28/04/2025 - 13:50
  • Басты назарда

Ұлы Жеңіске арнау

28/04/2025 - 11:53
  • Басты назарда

Үстел ойынының жеңімпазы

28/04/2025 - 10:48
  • Басты назарда

Ұлық мерекеге арналды

27/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Мен атаммен мақтанамын!

27/04/2025 - 11:52
  • Басты назарда

Қарт майдангерге құрмет көрсетілді

26/04/2025 - 15:40
  • Басты назарда

Ерлік пен батырлыққа толы жүз жыл

26/04/2025 - 10:39
  • Басты назарда

Ғасыр жасаған ардагер

25/04/2025 - 16:37
  • Басты назарда

Семей курсанттары ант қабылдады

25/04/2025 - 10:35