Жеңіс мерекесіне арналған турнир

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналып Семейдегі білім беру мекемелері арасында шағын футболдан «Былғары доп» турнирі өтті. Оған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілерінің балалары да белсене қатысты. 

Админ

   Семейдегі Шоқан Уәлиханов атындағы мамандандырылған «Жас ұлан» ерлер лицей-интернатында ұйымдастырылған жарыста 4 команда бақ сынады. Тартысты ойын бірнеше сағатқа созылды. 

   «Қолбасшылыққа қарасты әскери бөлімдердегі Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларда әскери қызметшілердің отбасы мүшелері белсенділік танытып келеді. Мұндай іс-шаралар батыр болмысты, қайсар рухты биік тұлғаларды мәңгілік есте сақтауға үндейді. «Ешкім де, еш уақытта ұмытылмайды» дегендей, сұм соғыста қан төккен ата-бабаларымыздың есімі мен ерлігін ұмытпау керектігін еске салады», - деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің жетекшісі Ақмарал Ахметжанова.

   Айта кетейік, шағын футбол 99280 әскери бөлімінің бастамасымен жүзеге асты. Әскери бөлім командирі полковник Муслим Күзубаев шешуші матчта жеңіске жеткен командаларды құттықтап, кубок және мақтау грамоталарын табыс етті. Турнирдің қорытындысында жүлделі орынды №3 орта мектептің командасы ұтып алды. Келесісі №49 орта мектепке бұйырып, үздік үштікке «Жас ұлан» ерлер лицейінің құрамасы да ілінді.

 

 Алуа Искакова

Суретті түсірген автор

__Последние новости

  • Басты назарда

Жеңіс мерекесіне арналған турнир

Бүгін, 11:54
Админ
  • Басты назарда

Сөнбейді әке, шырағың!

Бүгін, 11:51
  • Басты назарда

Жеңіс жолын жалғастырушы

28/04/2025 - 13:50
  • Басты назарда

Ұлы Жеңіске арнау

28/04/2025 - 11:53
  • Басты назарда

Үстел ойынының жеңімпазы

28/04/2025 - 10:48
  • Басты назарда

Ұлық мерекеге арналды

27/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Мен атаммен мақтанамын!

27/04/2025 - 11:52
  • Басты назарда

Қарт майдангерге құрмет көрсетілді

26/04/2025 - 15:40
  • Басты назарда

Ерлік пен батырлыққа толы жүз жыл

26/04/2025 - 10:39
  • Басты назарда

Ғасыр жасаған ардагер

25/04/2025 - 16:37
  • Басты назарда

Семей курсанттары ант қабылдады

25/04/2025 - 10:35
  • Басты назарда

Салтанатты жағдайда күтіп алды

23/04/2025 - 16:34