Жеңіс жолын жалғастырушы

Ел басына күн туғанда Отан үшін от кешкен батыр аталарының жолын қуып, ерлік істерін бейбіт заманда сабақтаушы әскери қызметшілер өте көп. Солардың бірі – «Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшысының басқарма штабы жедел басқармасының офицері майор Қуандық Қуатбекұлы Кенжеғұлов.

Админ

Оның атасы Камальча Абдрахманов екінші дүниежүзілік соғыста сержант шенінде бөлімше командирі лауазымын атқарды. Неміс басқыншыларына қарсы қанқұйлы соғыста жаяу әскер сапында Берлинге дейін барды. Өмірінің соңғы жылдары Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Новая Канайка селосында өтті.   

   Қуандық Кенжеғұлов Қостанай облысының Арқалық қаласында туған.  2006-2008 жылдары Қарағанды қаласындағы Талғат Бигелдинов атындағы республикалық әскери мектеп-интернатта тәрбиеленді. Одан әрі ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің әскери институтында оқыды. Әскери оқу орнын үздік бітірді. Бірден әскери қызметке кірісіп кетті. 2013-2016 жылдары әскери мамандықтарға қатысты «Армия ойындары» халықаралық жарысы шеңберіндегі «Танк биатлоны» сайысына іріктелген ҚР ҚК Құрлық әскерінің үздік танк экипаждарының құрамында болды. Ресей Федерациясының «Алабино» полигонында ұйымдастырылған әлем чемпионатына бірнеше мәрте қатысты. Қатысып қана қоймай, қазақстандық команданың жүлделі орындарды жеңіп алуына зор үлесін қосты. Мысалы, «Танк биатлоны – 2014» жарысында экипаж мүшелері 12 шақырымды 21 минут 20 секундта жүріп өтіп, рекордтық көрсеткіш жасады. Халықаралық деңгейдегі бәсекеде жеңімпаз ретінде Қазақстанның көк байрағын сан мәрте желбіретті. Одан кейін өткен кең көлемдегі көптеген оқу-жаттығуларында да  мол тәжірибе жинақтады. Москва қаласындағы Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков атындағы әскери оқу ғылыми орталығында да бес ай кәсіби біліктілігін арттырды.

   Қаһарман қазақстандықтардың жауынгерлік жолын мәңгілік есте сақтау –  қасиетті борыш, - деп есептейді майор Қуандық Кенжеғұлов. Ол екі баласының да үлкен аталарынан үлгі-өнеге алып, жеңістің биік тұғырынан көрінгенін қалайды. Офицер Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арнап өзі шығарған жыр шумақтарынан шашу шашты.    

 

Туған жер

Таудай биік талабыммен,

Оқып, білім аламын мен.

Тәуелсіз күн аспанында

Жайқалады далам гүлмен.

                                         Мәңгілік ел, мәңгілік ел!

Жаса! Жайна! Беу, туған жер!

Бақытты жан баламын мен,

Шырқатып ән сала білген.

Киелі ел, киелі жер

Ардақты ата-баба жүрген.

 

 

Мой дедушка

Снова отбой, снова подъем,

Все мы живем, чего-то ждем.

Раз день пройдет, второй начнется

Авось и нам он улыбнется.

 

Не надо ждать, а надо жить,

Чтоб все что знал нам не забыть.

Чтоб утром рано улыбаться

Чтоб с родными обниматься.

 

И не жалеть об огорчениях,

И малых дозах невезении.

Судьба дала нам долгий путь

Живи и помни, не забудь!

 

Спасибо деду за свободу!

За небо чистое, за хлеб, за воду!

И я, дедуля! Иду по твоим стопам

В обиду Родину не дам!

В строю стою, не просто жду,

Военную науку познаю.

 

 

Алуа Искакова

Суретті түсірген автор

 

__Последние новости

  • Басты назарда

Жеңіс мерекесіне арналған турнир

Бүгін, 11:54
Админ
  • Басты назарда

Сөнбейді әке, шырағың!

Бүгін, 11:51
  • Басты назарда

Жеңіс жолын жалғастырушы

28/04/2025 - 13:50
  • Басты назарда

Ұлы Жеңіске арнау

28/04/2025 - 11:53
  • Басты назарда

Үстел ойынының жеңімпазы

28/04/2025 - 10:48
  • Басты назарда

Ұлық мерекеге арналды

27/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Мен атаммен мақтанамын!

27/04/2025 - 11:52
  • Басты назарда

Қарт майдангерге құрмет көрсетілді

26/04/2025 - 15:40
  • Басты назарда

Ерлік пен батырлыққа толы жүз жыл

26/04/2025 - 10:39
  • Басты назарда

Ғасыр жасаған ардагер

25/04/2025 - 16:37
  • Басты назарда

Семей курсанттары ант қабылдады

25/04/2025 - 10:35
  • Басты назарда

Салтанатты жағдайда күтіп алды

23/04/2025 - 16:34