МЕНІҢ АТАМ – МАЙДАНГЕР: Ерлігін еске алар ұрпағы бар

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Абай гарнизоны 30217 әскери бөлімінің барлау-шабуылдау батальоны командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары майор Бакытжан Әбдіраманұлы Қызылорда қаласындағы өзі оқыған №173 орта мектепте болып, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай өткізілген Ерлік сабағына қатысты.

Админ

   Офицердің атасы Абдығазы Жұмадилұлы Айдыханов 1940 жылы Қырғыз ССР-ы Созақ ауданынан 20 жасында Қызыл армияның құрамында Қиыр Шығысқа аттанған. Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Лев Михайлович Доватор қолбасшылық еткен кавалериялық корпустың құрамында 1941 жылдың қараша айында Москва қаласын қорғап қалу қорғанысына жіберілді. Кескілескен шайқаста қазақ жауынгері ауыр жараланды. Тек 1944 жылы қайта сапқа қосылды. Кеңестік қолбасшылықтың бұйрығымен 1944 жылдан бастап Қиыр Шығыстағы майданда болды.

Квантун армиясының күл-талқанын шығарған кеңес әскері Қытайдың солтүстік-шығыс провинциясын, Солтүстік Кореяны, Оңтүстік Сахалинді және Куриль аралын азат етті. КСРО-ның қиыршығыстық шекарасының қауіпсіздігін бекіткені де тарихтан мәлім. Қиыр Шығыс майданында жапон милитаристеріне қарсы жүргізілген соғыстан Абдығазы Жұмадилұлы Айдыханов 1946 жылы оралды. Елге келген соң әскерилендірілген өрт күзетінде қызмет етті. 1972 жылы бар болғаны 52 жасында дүние салды.   

   Атасының екі бірдей соғыстың куәгері болғанын майор Бакытжан Әбдраманұлы мақтанышпен әңгімеледі. Мектеп оқушыларын туып-өскен ел мен жерді сүйіп, Отанымыздың нағыз патриоты болуға шақырды. Әскери қызметке деген қызығушылығын арттырды. Қазақстан Қарулы Күштеріндегі мерзімді әскери қызметтің артықшылықтары мен мүмкіндіктері туралы да ақпарат берді. Мектеп түлегіне Ерлік сабағы үшін алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Асхат Даужанов алғысын білдірді.

   Осындайда Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлының «Адамдар бір-біріне өзара қарыздарлығын әрқашанда ойлай жүрулері керек. Әсіресе Отан соғысы ардагерлерінің еңбегін ерекше бағалай білуі қажет. Ер өледі, ел қалады. Есімі ел жүрегінде сақталған ер ғана бақытты» деген асыл сөзі ойға оралады. Артында еске алар ұрпағы барда батырларымыздың шырағы ешқашан сөнбейді.

 

__Последние новости

  • Басты назарда

Жеңіс мерекесіне арналған турнир

Бүгін, 11:54
Админ
  • Басты назарда

Сөнбейді әке, шырағың!

Бүгін, 11:51
  • Басты назарда

Жеңіс жолын жалғастырушы

28/04/2025 - 13:50
  • Басты назарда

Ұлы Жеңіске арнау

28/04/2025 - 11:53
  • Басты назарда

Үстел ойынының жеңімпазы

28/04/2025 - 10:48
  • Басты назарда

Ұлық мерекеге арналды

27/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Мен атаммен мақтанамын!

27/04/2025 - 11:52
  • Басты назарда

Қарт майдангерге құрмет көрсетілді

26/04/2025 - 15:40
  • Басты назарда

Ерлік пен батырлыққа толы жүз жыл

26/04/2025 - 10:39
  • Басты назарда

Ғасыр жасаған ардагер

25/04/2025 - 16:37
  • Басты назарда

Семей курсанттары ант қабылдады

25/04/2025 - 10:35
  • Басты назарда

Салтанатты жағдайда күтіп алды

23/04/2025 - 16:34