Үстел ойынының жеңімпазы

Өткен аптада Қарағанды облысының Приозерск қаласында ардагерлер арасында үстел ойынының шахмат пен дойбы түрлерінен жарыс өтті.

Админ

Приозерск қаласындағы Ардагерлер кеңесінің төрайымы Амина Башимова мен қалалық спорт бөлімінің басшысы Нұртай Стамқұлдың ұйымдастыруымен өткізілген осы үстел ойынының жарысына әртүрлі сала қызмет түрлерінен зейнеткерлікке шыққан ардагерлер арнайы шақырылған болатын. Жарыстың дойбы ойыны түріне Қарулы Күштердің ардагерлері атынан Приозерск гарнизонындағы Қарулы Күштер ардагерлері ұйымының төрағасы Тілек Кенжебеков қатысқан болатын. Бес кезеңге бөлінген дойбы ойыны сайысында қарсыластарының барлығына еш мүмкіндік қалдырмаған ардагер аға Тілек Алшымбекұлы жеңіске жетіп, жүлделі бірінші орынды ұтып алды. Жеңістің биік тұғырына көтерілген Т.А.Кенжебековке мақтау қағазы мен арнайы тағайындалған жеңімпаз кубогы табыс етілді. Еліміздегі өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру ісінде жарқын істерімен үлгі танылып жүрген ардагер аға Тілек Алшымбекұлының әлі талай биік шыңдарды бағындыра беретініне сенімдіміз!

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы
Думан ЖҰМАШҰЛЫ

 

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19