Қарт майдангерге құрмет көрсетілді

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Талдықорған қаласындағы Ұлы Отан соғысының ардагері Төлеубай Чектыбаевқа құрмет көрсетілді.

Админ

         Бұл жолы соғыс ардагеріне құрметті «Ясли сад НурГазиз» ЖШС жасады. Жетісу гарнизоны әскери қызметшілерінің әскери киім киген қолдарында гүл шоқтары бар балабақша тәрбиеленушілері аталарын құттықтауға асықты.   

         Бүлдіршіндер майдангер атамызға гүл шоқтарын беріп, өздерінің Жеңіс күніне арналған тақпақтарын айтып берді. Көзі ашық, көңілі асқақ ардагер атамыз өз батасын беріп, бүлдіршіндермен естелікке суретке түсті.   

         – Ел басына күн туған сұрапыл соғыс жылдары кімнің болсын қабырғасын қайыстырғаны ащы шындық. Тарихи деректерге сүйенсек, 1941- 1945 жылдарда 1 миллион 196 мың 164 қазақстандық әскерге аттаныпты. Сол ел үмітін арқалаған ер-азаматтармыз тарихты таңдандырған келелі ерлік жасай білді. Солардың бірі – ҰОС ардагері Төлеубай Чектыбаев атамыз. Бүгінгі іс-шара бүлдіршіндерге патриоттық тәрбие беру, бейбіт өмір үшін өз өмірлерін қиған майдангерлерге тағзым ету, - дейді «Ясли сад НурГазиз» ЖШС меңгерушісі Шынарай Жұмабекова.

         ҰОС ардагері Төлеубай атамыз өткен жылдың қараша айында Алланың берген 99 жасына келді. Бұйырса осы жылы 100 жасқа келген мерейтойын тойламақ.

         Адамдық борышын адал атқарған Төлеубай атамыздың өмірі – тарих, жүріп өткен жолы – ұлағатқа толы.

 

                                         Жетісу гарнизонының баспасөз қызметі

 

 

__Последние новости

  • Басты назарда

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Кеше, 14:41
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАНЫҢ ШЕБЕР МАМАНЫ

14/06/2025 - 10:52
  • Басты назарда

Бірлестіктің төрағасы сайланды

11/06/2025 - 07:48
  • Басты назарда

ЖЫР-ТАРТУ: ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ

08/06/2025 - 15:28
  • Басты назарда

Ұйыған отбасы – мықты әскердің негізі

07/06/2025 - 14:28
  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

06/06/2025 - 10:27
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00