Голан жоталарынан оралған бітімгерлер марапатталды

Қорғаныс ведомствосында бірінші ұлттық бітімгерлік контингентінің құрамында Біріккен Ұлттар Ұйымының (UNDOF) миссиясы аясында Голан жоталарында қызмет еткен әскери қызметшілерге құрмет көрсету рәсімі өтті. 

Админ

Іс-шараға Қорғаныс министрінің орынбасарлары, ведомствоның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қазақстан армиясының халықаралық аренадағы беделін арттыруға қосқан үлесі үшін біріккен ротаның әскери қызметшілеріне алғысын білдірді. Министр бітімгерлік миссияға қатысу әскери дағдыларды ғана емес, сонымен қатар дипломатияның, шыдамдылық пен адамгершіліктің жоғары деңгейін талап ететінін атап өтті.

– Сіздер Голан жоталарында жауапты миссияны орындап, елге абыроймен оралдыңыздар. Сіздердің ендігі міндеттерің – күрделі миссия барысында жинаған тәжірибені беру. Бұл Қарулы Күштерді одан әрі нығайтуға ықпал етеді, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Әскери борышын мінсіз орындағаны және халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесі үшін ұлттық бітімгершілік контингентінің бірінші құрамының барлық әскери қызметшілері «Бітімгершілік операцияларына қатысқаны үшін» медалімен марапатталды.

 «Ел қорғаны» медалін 22750 әскери бөлімі автокөлікпен қамтамасыз ету тобының техник-жүргізушісі старшина Азамат Сағындықов пен барлау тобының сержанты – 22750 әскери бөлімі арнайы мақсаттағы командасының жауынгерлік және дене шынықтыру даярлығы жөніндегі нұсқаушы сержант Темірлан Маусымбаев алды.

ҚР Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының медициналық қызмет сержанты – санитарлық нұсқаушысы аға сержант Ардақ Күртебаева мен Бас әскери клиникалық госпиталі анестезиология және реанимация бөлімшесінің аға маманы ефрейтор Айкерім Сесерхан адал қызметі үшін «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Кәсіби біліктілігі және жауапты ісі үшін 58012 әскери бөлімі инженерлік-саперлік ротасының сержанты 3-сыныпты сержант Мадияр Стамшал «Минасыздандырудағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

22750 әскери бөлімі арнайы мақсаттағы барлау тобының мергені лейтенант Мұхит Жолаушиевке мерзімінен бұрын «аға лейтенант» атағы берілді.

Кездесу барысында қорғаныс ведомствосының басшысы қолбасшылыққа тәжірибені жинақтау, жеке құрамды дайындау бойынша ұсыныстарды қалыптастыру, бітімгерлік миссиялардың тактикасына, стратегиясына және практикалық қызметіне түзетулер енгізе отырып, кешенді бағалау жүргізу жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02