Гарнизондағы түсіндіру сабағы

Аягөз гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінің барлық санаттағы әскери қызметшілерімен қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түрлі тақырыптарда сұхбат жүргізілді.

Админ

   Ең алдымен ҚР Қылмыстық кодексінің 18-тарауы 451-бабындағы «Билікті асыра пайдалану талаптары», «Ойын бизнесі» туралы Заңының 15-1-бабының талаптары, «ҚР Қылмыстық кодексінің 18-ші тарауында көрсетілген баптарының талаптары түсіндірілді. Әскерилермен «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектес заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу» тақырыбында, сонымен қатар онкүндік аясында «Жарғыға сай емес қарым-қатынастың және қол жұмсап, билікті асыра пайдаланудың алдына алу» тақырыбында сұхбат жүргізілді.

   Аягөз қалалық мешітінің бас имамы Н.Ешенғазинов, аудандық прокуратурадан әділет лейтенанты Т.Зинелов, Аягөз дін зерттеу орталығының маманы М.Жанатаев, Аягөз гарнизоны көпсалалы орталық ауруханасының терапевт-дәрігері Б.Жұмабекұлы мен аурухана психологы Ж.Ахметова, Аягөз гарнизоны әскери прокуратурасының прокуроры әділет лейтенанты М.Асылбек, ҚР ІІМ ШӨ ӘТБ Аягөз бөлімінің тергеушісі әділет капитаны М.Жақынбаев, Аягөз гарнизоны әскери полиция бөлімінің патрульдік-постық қызметінің офицері әділет аға лейтенанты Қ.Қайдаров, әскери полиция бөлімінің алдын алу бөлімшесінің офицері лейтенант Д.Азибаев,  әскери полиция бөлімінің әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің бастығы капитан Е.Молдабаев және Аягөз аудандық учаскелік инспекторы полиция лейтенанты Т.Маратов баяндама жасады. Олар «Суицидтің алдын алу», «Есірткі және спирттік ішімдіктердің зардаптары», «Теріс діни ағымдар, олардың қоғамға тигізетін әсері және дәстүрлі діннен айырмашылығы», «Онкология және туберкулез ауруларының алдын алу», «Заң және тәртіп», «Мас күйде көлік жүргізу – қылмыс» тақырыптарын талқыға салды.

 

Алуа Искакова

__Последние новости

  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

Бүгін, 10:20
Админ
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

Кеше, 16:18
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03
  • Басты назарда

Запасқа шықты сарбаздар

05/05/2025 - 18:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздар қатары

05/05/2025 - 14:19
  • Басты назарда

Далалық лагердегі дайындық

01/05/2025 - 13:57
  • Басты назарда

Жеңіс мерекесіне арналған турнир

30/04/2025 - 11:54