«Мста-Б» гаубицасынан оқ атуда нысанаға дөп тиді

Гвардейск гарнизонындағы 54-ші артиллериялық құраманың әскери қызметшілері «Мәтібұлақ» оқу полигонында жауынгерлік атысты қамтыған бақылау сабақтарынан сәтті өтті.

Админ

Маневрлерге қарсыластың қорғаныс құрылыстарын, командалық пунктерін, сауытты техниканы, сондай-ақ тірі күші мен атыс құралдарын жоюға арналған 152 мм сүйретпелі «Мста-Б» гаубицасы тартылды. Бұл қарудың максималды ату қашықтығы 24 шақырымнан асады.

Бақылау сабақтары тек күндізгі уақытта ғана емес, түнде де өткендіктен, жауынгерлерге ұрысқа барынша жақын жағдайды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Қараңғылық қосымша қиындықтар тудырғанымен жеке құрам тапсырмаларды сәтті орындап шықты.

– Сабақтарда қазіргі жалпыәскери ұрыс жүргізу дағдылары мен тапсырмаларды сәтті орындау үшін қажетті іс-қимылдар пысықталды. Әр сарбаздың өз рөлін білуі және кез келген жағдайда әрекет етуі маңызды, - деп нақтылады құрама командирі полковник Дәулет Жорғатаев.

Артиллериялық қондырғадан ату 15 шақырымнан астам қашықтықтағы жабық атыс позицияларынан жүргізілді. Атыс автоматтандырылған жүйелерді қолданбай механикалық түрде орындалды. Бұл жауынгерлік дағдыларды тереңдетуге барынша ықпал етті. Оқ атуды түзету нысандарға дәл тию мүмкіндігін арттыратын ұшқышсыз ұшу аппараттарының есептоптарымен жүргізілді.

 

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19