127 сарбаз запасқа шықты

35748 әскери бөлімінде әскери қызметтің белгіленген мерзімін аяқтаған мерзімді қызмет сарбаздарын запасқа шығарудың салтанатты рәсімі өтті. Мерекелік жағдайда бір жыл ішінде әскери борышын абыроймен атқарған жүз жиырма жеті әскери қызметші үйлеріне қайтты.

Админ

Жеке құрам мен бөлім басшылығынан басқа, іс-шараға құрметті қонақтар ретінде Шымкент қаласының ардагерлер ұйымдарының өкілдері шақырылды. Олар жауынгерлерді қызметтің сәтті аяқталуымен құттықтап, әскери борышындағы адалдығы мен жауапкершілігі үшін алғыстарын білдірді.

Әскери рәсімдер мен дәстүрлерді сақтай отырып, іс-шара саптық алаңға бөлімнің жауынгерлік туын енгізуден басталды. Қызметтерін аяқтайтын сарбаздар үшін бұл оқиға, әсіресе, әсерлі болды, өйткені олар өздеріне шынымен жақын адамдарға айналған әріптестерімен және командирлерімен қоштасу уақыты келгенін түсінді.

Ефрейтор Ануар Едігенің айтуынша, мерзімді қызметтегі әскери қызметші мәртебесінен запасқа өтуді білдіретін жауынгерлік тумен қоштасу рәсімі онда өткен жыл туралы барлық естеліктерді оятты:

– 12 ай деген бір сәтте өтіп кетті. Бірақ біз сол жылдың ішінде әскери істі жетік меңгеріп, Отанға деген сүйіспеншілікті үйрендік. Бұл күні мен сарбаз ретінде өткен барлық жолымды, маған көмектескен барлық адамдарды және, еңсеруге тура келген барлық қиындықтарды есіме түсіремін. Қорытындылай келе, мен бір нәрсені айта аламын, Мен нағыз ер жігіттің мектебінен өттім, - деп бөлісті ол.

Запасқа шығарылған сарбаздардың шамамен 60%-ы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсу құқығын пайдалануға ниет білдіргенін ерекше атап өткен жөн. Заңнамадағы өзгерістердің арқасында жастар енді ҰБТ тапсырусыз, оның ішінде мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқуға түсуге мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, 13 жауынгер одан әрі қызметті келісімшартқа тұрып, әскери мансабын жалғастыру туралы шешім қабылдапты. Олардың барлығы өздерінің тұрғылықты жеріне жақын маңайдағы әскери бөлімдерде қызмет өткеруге ниет білдірді, бұл да қолданыстағы нормалар шеңберінде мүмкін болды.

Бөлім басшылығы бір жыл ішінде алған дағдылар, тәртіп пен тәжірибе әрбір әскери қызметшінің өміріндегі одан әрі жетістіктер үшін берік негіз болатынына сенім білдірді.

 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

__Последние новости

  • Басты назарда

«Сардар» қалалық кешенді олимпиадасы

Бүгін, 16:01
Админ
  • Басты назарда

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы

Бүгін, 10:56
  • Басты назарда

«Жігіт сұлтаны» байқауы

Кеше, 16:00
  • Басты назарда

127 сарбаз запасқа шықты

Кеше, 15:13
  • Басты назарда

«Наурыз» жарысы

13/04/2025 - 16:59
  • Басты назарда

Әскери бөлімдегі алдын-алу шарасы

13/04/2025 - 15:18
  • Басты назарда

Гарнизондағы түсіндіру сабағы

13/04/2025 - 15:17
  • Басты назарда

Тарихи танымын кеңейтті

13/04/2025 - 11:52
  • Басты назарда

Әскери бөлімнің мерейтойы

12/04/2025 - 17:57
  • Басты назарда

Жауынгерлік техника мұражайы ашылады

12/04/2025 - 10:45
  • Басты назарда

Семейден Ақтауға аттанды

12/04/2025 - 10:09
  • Басты назарда

Самбо – өзін-өзі қорғау өнері

11/04/2025 - 14:42
  • Басты назарда

Парадқа дайындық барысы тексерілді

11/04/2025 - 14:39