Әскерге шақыру науқанының барысы тексерілді

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов Абай облысының облыстық жиын пунктінде болып, ондағы жасақтау басқармасының қызмет барысымен танысты.

Админ

         Жұмыс барысы аясында полковник Жеңіс Маралов облыстық жиын пунктінің жатар жайымен, асхана және психологиялық тест қабылдау бөлмелерін аралап, көктемгі шақырылым бойынша жұмыс атқарып жатқан медицина қызметкерлерімен кездесті.

         Абай облысының қорғаныс істері департаментінің бастығы полковник Руслан Омаров облыстық жиын пунктінде әскерге шақырылатын жастарға алғашқы зерделеу мен медициналық тексеріс жүргізу үшін барлық жағдай жасалғанын, қажетті әкімшілік және қызметтік үй-жайлармен, медициналық жарақтармен жабдықталғанын атап өтті. Айта кетуіміз керек, мұнда қазіргі таңда көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында шақыру комиссиясы жұмыс істеп жатыр.

         Жұмыс сапары аясында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов әскерге шақырылғандармен де кездесіп, армияның елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етудегі, сондай-ақ ел тыныштығын сақтаудағы маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сонымен бірге полковник Жеңіс Маралов жергілікті әскери басқару органдарының өкілдеріне көктемгі шақыру маусымы аясында нәтижелі жұмыс атқаратындарына сенім білдірді.

 

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

 

 

 

__Последние новости

  • Басты назарда

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Кеше, 14:41
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАНЫҢ ШЕБЕР МАМАНЫ

14/06/2025 - 10:52
  • Басты назарда

Бірлестіктің төрағасы сайланды

11/06/2025 - 07:48
  • Басты назарда

ЖЫР-ТАРТУ: ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ

08/06/2025 - 15:28
  • Басты назарда

Ұйыған отбасы – мықты әскердің негізі

07/06/2025 - 14:28
  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

06/06/2025 - 10:27
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00