Семейден Ақтауға аттанды

Семейдің әскерге шақырылушы жастары Ақтау қаласының әскери теңіз күштерінің әскери бөлімдеріне қызмет етуге аттанды. №10 жалпы білім беретін орта мектебінде оннан астам әскерге шақырылушыны салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.

Админ

         Әскерге шақыру комиссиясының оң шешімін алған жастар әскери істің негіздерін еліміздің әскери теңіз күштері бөлімшелерінде атқаратын болады.  Салтанатты шығарып салуды қорғаныс істері жөніндегі департаменті ұйымдастырды. Балаларды шығарып салуға қоғамның түрлі салаларының, Қарулы Күштердің ардагерлері қатысты. Іс-шарада Абай облысының қорғаныс істері департаментінің бастығы полковник Руслан Омаров сөз алып, әрбір ер адамның өмірінде мерзімді әскери қызмет өткерудің маңыздылығын атап өтті.

         – Құрметті ата-аналар, бүгін балаларымызды салтанатты түрде мерзімді әскери қызметтерін өткеруге жолдап отырмыз. Отан алдындағы борышын өтеу – егемен еліміздің әрбір азаматының міндеті. Сондықтан балаларыңызға бір жыл ішінде елінің алдындағы борышын дұрыс атқарып, аман-есен абыроймен оралуларын тілейміз, - деді полковник Руслан Омаров.

         Айта кетейік, Абай облысында мерзімді әскери қызметке көктемгі шақыру науқаны жалғасуда. Ал төрт айдың ішінде Абай облысынан 18-27 жас аралығындағы 700-ден астам азамат әскер қатарына шақырылады.

 

__Последние новости

  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

Бүгін, 10:20
Админ
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

Кеше, 16:18
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03
  • Басты назарда

Запасқа шықты сарбаздар

05/05/2025 - 18:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздар қатары

05/05/2025 - 14:19
  • Басты назарда

Далалық лагердегі дайындық

01/05/2025 - 13:57
  • Басты назарда

Жеңіс мерекесіне арналған турнир

30/04/2025 - 11:54