Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жеңіске дейін 100 күн» республикалық акциясы аясында 44803 әскери бөлімінің қызметшілері маңызды әлеуметтік бастамаға қатысып, өздерінің аудандарында тұратын тыл ардагері Надежда Образцоваға көмек көрсетті.
Акция барысында жауынгерлермен, қажетті құралдармен жабдықталып, ардагердің ауласын тазалауға кірісті. Олар қоқысарды алып, көктемде ауланы керексіз заттардан, құрғақ жапырақтардан және қыстан қалған қалдықтардан тазартты. Жас сарбаздар бұл жұмысты үлкен жанашырлықпен әрі мұқият орындап, ардагерге қолдау көрсетті.
– Біз үлкендерге көмек көрсету үшін мұндай бастамаларға бірінші рет қатысып отырған жоқпыз. Бұл біз үшін ауыр іс емес, ал олар үшін үлкен қолдау. Қарттардан алғыс пен баталарын есту – өте сауапты іс. Олардың алғысы – біздің өмірдегі ең үлкен марапатымыз, - дейді акцияға қатысушы қатардағы жауынгер Амантай Әбдірәсіл.
Әскери бөлімнің жауынгерлері өз кезегінде мұндай бастамалардың қоғамдағы адами қарым-қатынастардың маңыздылығын, сондай-ақ, халықтың өзара қолдауы мен құрметін арттыратынын атап өтті. Қоғамдық жұмыстарға қатысу тек қарттарға көмек көрсетумен ғана шектелмейді, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға да ықпал етеді. Бұл акцияның басты мақсаты – ардагерлерге көмек көрсету ғана емес, жастарды Отанға қызмет етуге, үлкендерге құрмет көрсетуге және ел тарихын ұмытпауға тәрбиелеу.
– Жас жігіттердің көмегіне алғысым шексіз. Олар менің ауламды көктемгі тазалық жұмыстары үшін жақсылап дайындап берді. Мұндай көмек – біз үшін үлкен қуаныш. Жас ұрпақтың осылай қолдау көрсетіп, ұмытпай келіп тұрғаны мені өте қуантады, - деп өзінің алғысын білдірді тыл ардагері Надежда Образцова.
«Жеңіске дейін 100 күн» акциясы қоғамды біріктіретін, адамдардың арасындағы өзара көмек пен сыйластықты нығайтатын маңызды бастама болып табылады. Бұл шара ардагерлердің еңбегін бағалауға, жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға және тарихи жадыны сақтауға ықпал етеді.
– Біздің бөлім үшін мұндай шаралар өте маңызды. Жастардың тәрбиесі тек әскери борышты орындаумен шектелмейді, оларды патриотизм мен ұлтжандылыққа тәрбиелеу керек. Тыл ардагерлеріне көмек көрсету арқылы біз олардың ерен еңбегін бағалаймыз әрі жастарды осы ізгі істерге баулып жатырмыз, - деді С-300 зениттік-зымырандық дивизион командирінің тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары майор Рамазан Бақтияров.
Бұл акцияның аясында жас жауынгерлердің атқарған ісі тек көмек көрсету ғана емес, сондай-ақ қоғамдағы тұтастықты, адамгершілікті арттыратын маңызды қадам болып табылады. Осындай шаралар еліміздің бірлігін нығайтып, ұрпақтар арасындағы байланыстарды тереңдетеді.