Денсаулық сақтау күзетіндегі ширек ғасыр

Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров астаналық дәрігерлерді осы айтулы оқиғамен құттықтады.

Админ

Бүгінде госпиталь құрылымында қырықтан астам бөлімше мен қызмет, оның ішінде Щучинск қаласындағы оңалту бөлімшесі және елордадағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек бөлімшесі бар. 310 төсектік емдеу мекемесі медициналық қызметтердің толық спектрін ұсынады. Жыл сайын госпитальге қырық мыңға жуық адам амбулаториялық-клиникалық көмекке жүгінеді.        

Емдеу мекемесінде 120-дан астам дәрігер және 190-нан астам медицина қызметкері жұмыс істейді. Олардың ішінде медицина ғылымдарының докторлары, кандидаттар мен магистрлер, Денсаулық сақтау саласының үздіктері және жоғары біліктілік санатындағы дәрігерлер бар.

Салтанатты шара "Астана" медицина университетінде өтті.

Әскери медициналық мекеме ұжымының атына Қорғаныс министрлігінің, Бас әскери-медициналық басқарманың, ҰҚК Шекара қызметі Әскери-медициналық басқармасының, "Әскери медицина ардагерлері" РҚБ және Қарулы күштер  кәсіподақ ұйымы Астана филиалының басшылығы атынан құттықтаулар болды. 

– Қуатты ғылыми-медициналық базаның арқасында госпитальде маңызды зерттеулер жүргізіліп, диагностика мен емдеудің жаңа әдістері енгізілуде. Дәрігерлердің, медбикелер мен санитарлардың кәсібилігі, таңдаған ісіне шексіз берілгендігі мен жанашырлығы құрметке лайық, – деп Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Госпитальдің алғашқы бастығы запастағы медицина қызметінің полковнигі Серек Болтабаев емдеу мекемесінің қалыптасуы мен дамуы туралы естеліктерін бөлісті.

Іс-шара Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблі мен госпиталь жеке құрамының қатысуымен өткен концертпен аяқталды.

__Последние новости

  • Басты назарда

«Жігіт сұлтаны» байқауы

Кеше, 16:00
Админ
  • Басты назарда

127 сарбаз запасқа шықты

Кеше, 15:13
  • Басты назарда

«Наурыз» жарысы

13/04/2025 - 16:59
  • Басты назарда

Әскери бөлімдегі алдын-алу шарасы

13/04/2025 - 15:18
  • Басты назарда

Гарнизондағы түсіндіру сабағы

13/04/2025 - 15:17
  • Басты назарда

Тарихи танымын кеңейтті

13/04/2025 - 11:52
  • Басты назарда

Әскери бөлімнің мерейтойы

12/04/2025 - 17:57
  • Басты назарда

Жауынгерлік техника мұражайы ашылады

12/04/2025 - 10:45
  • Басты назарда

Семейден Ақтауға аттанды

12/04/2025 - 10:09
  • Басты назарда

Самбо – өзін-өзі қорғау өнері

11/04/2025 - 14:42
  • Басты назарда

Парадқа дайындық барысы тексерілді

11/04/2025 - 14:39
  • Басты назарда

Салтанатты күтіп алу рәсімі

09/04/2025 - 14:47
  • Басты назарда

Оқу-жаттығулардан оралды

08/04/2025 - 15:15