«Сардар» қалалық кешенді олимпиадасы

Талдықорған қаласындағы Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп базасында «Сардар» қалалық кешенді олимпиадасы өтті. Олимпиада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай өткізіліп отыр.

Админ

«Сардар» қалалық кешенді олимпиадасына қала мектептерінің 11 сынып оқушыларынан құралған сегіз команда қатысып, өз бақтарын сынады.

         Ойынға әдістемелік нұсқаулық және төрешілік жасауға білім беру мекемелерінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні оқытушы-ұйымдастырушылары бекітілді.

         Олимпиада алты кезеңмен өткізілді: «Теориялық кезең пәндер бойынша тестілеу: математика, физика, орыс тілі, қазақ тілі және алғашқы әскери дайындық пәндерінен тест», «Практикалық кезең: АК-74 автоматын жартылай бөлшектеу және жинау», «Саптық дайындықтан нормативтер тапсыру», «Дене дайындығын анықтау кезеңі: 3000 метрге жүгіру», «100 метрге жүгіру», «Кермеге тартылу».      

         – Шараның басты мақсаты – жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау және дамыту бойынша жұмыстардың мазмұнын жетілдіру, өскелең ұрпақты патриоттылыққа тәрбиелеу, - деді алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Асылбек Аязбаев.

         Олимпиада ойыны да өз мәресіне жетіп, жалпы ойынның қорытындысы бойынша бірінші орынды Әлтайыр Қуанышбек, екінші орынды Дмитрий Қуатбаев, үшінші орынды Темірлан Нұрғалым иеленді. Жеңімпаз командалар мадақтама қағаздарымен, төс белгілерімен және кубоктармен марапатталды.

 

Жетісу гарнизонының баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

__Последние новости

  • Басты назарда

Бүгін – Қарулы Күштердің рәміздері күні

Кеше, 11:53
Админ
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 10:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 10:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 18:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 12:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 12:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 12:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

110 студент ант қабылдады

02/07/2025 - 11:54