Жеңістің құрметіне 80 көшет отырғызылды

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ұйымдастырған «Парктер шеруі-2025» табиғатты қорғау акциясы аясында Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Сабыр Рахымов атындағы әскери колледждің аумағында «Табиғатты аялайық – болашақты ойлайық» ұранымен 80 көшет отырғызып, көгалдандыру іс-шарасын өткізді.

Админ

Табиғатты қорғау акциясы салтанатты митингіден бастау алды. Онда «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің» Бас директоры Сағадат Нұржігітов осындай бастаманың маңыздылығы туралы айтып, Әскери колледж ұжымына қоршаған ортаны қорғаудағы белсенді ұстанымы үшін алғысын білдірді.

– «Парктер шеруі» – қорықтарды, ұлттық және табиғи саябақтарды және басқа да қорғауға алынған табиғи аумақтарды қолдау және сақтау идеясы төңірегінде адамдарды біріктіруге арналған халықаралық қоғамдық акция. Біздің елімізде ол 1996 жылдан бері өткізіліп келеді, - деп атап өтті Сағадат Нұржігітов.

Сонымен қатар, Сағадат Нұржігітов колледж басшылығын алғыс хатпен марапаттап, тәрбиеленушілеріне саябақ аумағында демалуға 25 жолдама берді.

Салтанатты бөлімнен кейін колледж тәрбиеленушілері, офицерлер мен оқытушылар саябақ қызметкерлерімен бірге ағаш отырғызуға кірісті. Олар мектеп аумағында және мектеп маңында ағаш көшеттерін отырғызды. Ағаш отырғызу кезінде саябақтың өкілдері акцияға қатысушыларға ағаш отырғызуды қалай дұрыс жүргізу керектігін түсіндірді. Жалпы алғанда 20 дана боз арша, 20 дана жеміс және 40 дана жалпақ жапырақты ағаштар отырғызылды.

Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Сабыр Рахымов атындағы әскери колледждің бастығы, полковник Мақсат Ахшалов атап өткендей, ағаш отырғызу балаларға қоршаған ортаға қамқор болуды үйретеді, табиғи байлықты сақтауға және оны көбейтуге шақырады.

– Көшет отырғызудың өзі балалар мен ересектерді біріктіреді. Сонымен қатар, болашақта балалар өз еңбектерінің жемісін көре алатыны жақсы емес пе?! Ағаш отырғызу – бұл есте қалатын және басқаларға қуаныш сыйлайтын із қалдыру, - деп қосты полковник Мақсат Ахшалов.

Экоакция соңында мектеп тәрбиеленушілері ұлттық саябақ қызметкерлеріне отырғызылған ағаштарға күтім жасаймыз деп уәде берді.

 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30