Балалар арасындағы шахмат турнирі

Қарағанды гарнизонында «Шахмат – ақыл-ой спорты» атты жарыс ұйымдастырылды. Турнир 31775 әскери бөлімінің базасында өтті және оған «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер қызметшілерінің 5-9 сыныпта оқитын балалары қатысты. 

Админ

  Зияткерлік жарысқа 30-дан астам жасөспірім қатысып, өздерінің логикалық ойлау қабілеті мен тактикалық шеберлігін сынады. Турнирдің басты мақсаты – әскери қызметшілердің балаларының шахматқа деген қызығушылығын арттыру, олардың стратегиялық ойлауын, есте сақтау қабілетін дамыту және жеңіске деген ерік-жігерін қалыптастыру. Сонымен қатар, бұл сайыс жас шахматшыларға өзара тәжірибе алмасуға, жаңа достар табуға мүмкіндік берді. Тартысты өткен ойында 9 сынып оқушысы Даниял Жұматов барлық қарсыласынан басым түсіп, бірінші орынға ие болды. Екінші орынға 9 сынып оқушысы Сани Тұрсынқазыұлы, ал үшінші орынға 6 сынып оқушысы Арсен Алтынбеков тұрақтады. 31775 әскери бөлімінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі көмекшісі, турнирдің ұйымдастырушысы Назгүл Серікова жарысқа қатысушыларға алғыс білдіріп, шахмат ойынының маңыздылығын атап өтті: 

  – Шахмат тек ойын ғана емес, ол – ақыл-ойды дамытатын ерекше спорт түрі. Ол зейінділікті арттырып, есте сақтау қабілетін жақсартады, ерік-жігерді шыңдайды. Бұл сайыс жас шахматшыларға жаңа белестерді бағындыруға шабыт береді деп сенемін, - деді Назгүл Бекарысқызы. 

  Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды. Ал белсенділік танытқан барлық қатысушыларға 31775 әскери бөлімі командирінің атынан алғыс хаттар табысталды. Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың ой-өрісін дамытуға, жеңіске деген ұмтылысын арттыруға және жаңа достық қарым-қатынастар орнатуға ықпал етеді. Алдағы уақытта да осындай жарыстар жалғасын табады деп күтілуде.

__Последние новости

  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

Бүгін, 10:27
Админ
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03