Ұлыстың ұлы күні ұлықталды

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 28738 және 30217 әскери бөлімдерінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті. Ұлттық құндылықты насихаттау, ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраларымызды дәріптеу мақсатындағы шараға әскери қызметшілер мен отбасы мүшелері және мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар қатысты.

Админ

         Мерекелік шара аясында қазақтың келін түсіргенде жасалатын салттарының бірі – беташар дәстүрі көрсетілді. Беташар халқымыздың ежелден келе жатқан салты. Мақсаты – жаңа түскен келінге елді таныстырып,  иіліп сәлем салдыру. Бүгінгі кеште ұлтымыздың осы дәстүрі кеңінен көрсетіліп, мәдени мұрамыз жан-жақты түсіндірілді.

         – Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы жыл басы саналады. Осы жылғы мерекені әскер сапында өткеріп жатқаныма қуаныштымын. Мереке аясында әртүрлі спорттық ойындар ойнатылып, оған мерзімді әскери қызметін өтеп жатқан сарбаздар да белсене қатысты. Баршаларыңызды Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, - дейді 28738 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы жауынгер Асанәлі Рақымбай.

         Ұлық мереке «Қол күресі», «Тоғызқұмалақ», «Арқан тарту», «Гір тасын көтеру» сынды ойындармен жалғасын тапты. Әскери қызметшілер мен сарбаздар қатысқан ойындар тартысты әрі қызықты өтті. Сайыстар соңында ойынға қатысушылар марапатталып, ризашылықпен тарасты.

 

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

 

 

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02