Күн мен түннің теңелуін тойлады

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 35748 әскери бөлімінің жеке құрамы Наурыз мейрамын тойлады. Қыстың аяқталуы мен көктемнің келуін белгілейтін мерекелік шараға Қарулы Күштердің ардагерлері, бөлімдегі әскери қызметшілердің отбасы мүшелері мен қонақтар қатысты.

Админ

Әскери қызметшілердің рухын көтеріп, мәдени-демалыс, спорттық шаралар арқылы ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге бағытталған шара концерттік бағдарламамен басталып, ұлттық ойындармен жалғасты.

35748 әскери бөлімінің командирі, подполковник Сергей Бибулатов құттықтау сөзінде тарих қойнауынан бізге жеткен бұл мереке түркі халықтары үшін дәстүрге айналғанын атап өтті. Ол ежелден табиғаттың қайта түлеп, гүлденуін бейнелейді.

– Наурыз мейрамын тойлау – ұлттық бірегейлікті, отбасылық құндылықтарды сақтау, қоршаған ортаға, табиғатқа деген қамқорлық көзқарасын қалыптастыру. Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын, - деді ол.

Мерекелік дастархан қонақтарды дәстүрлі тағамдары мен тәттілерімен қуантты. Ал ең басты мерекелік тағам Наурыз көже болды.

Шара барысында әскери қызметшілер ұлттық киім киіп, киіз үйлерді тігіп, «Бесікке бөлеу», «Тұсау кесу», «Беташар» сияқты көріністер қойып, ұлттық салт-дәстүрдің байлығын паш етті, сондай-ақ жеке құрам арасында ұлттық ойындардан «Бәйге», «Қыз қуу», «Аударыспақ», «Арқан тартыс», «Тоғыз құмалақ» ойындарынан жарыстар ұйымдастырылды.

Сайыстар қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02