ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ШАҢЫРАҚ

Шаңырақ күніне орай Гвардейск гарнизоны Құрлық әскерлерінің Оқу орталығының әскери қызметшілері Алтынбек пен Айжан Ракишевтердің отбасына қонаққа барды.

Админ

Ракишевтер отбасы – берекелі де тату қазақстандық жанұяның үлгісі. Биыл ерлі-зайыптылар отасқандарына 15 жыл толуын атап өтуде. Олар үш ұл, үш қыз тәрбиелеп, оларға ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік пен дәстүрге құрмет сезімін сіңіріп келеді. Отбасының отағасы Алтынбек Ракишев Құрлық әскерлері Оқу орталығының мотоатқыштар мектебі бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары болып қызмет етеді. Ал жұбайы Айжан – балалар тәрбиесіне толықтай көңіл бөліп, отбасылық құндылықтарды сақтауға атсалысып келеді.

«Отбасы – біздің басты тірегіміз әрі күшіміз. Біз жұбайымыз екеуіміз балаларымызды үлкендерді құрметтеуге, ұлттық дәстүрлерді қадірлеуге және ел алдындағы жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеуге тырысамыз. Балалар мейірім мен өзара түсіністікке толы ортада өсіп, еңбексүйгіш болып жетілуі керек. Себебі отбасы – болашақтың негізі», - деді Алтынбек Ракишев.

Әскери қызметшілер отбасы мүшелерін мерекемен құттықтап, оларға амандық, денсаулық және ұзақ ғұмыр тіледі. Дастархан басында олар отбасының ұлттық дәстүрлері мен аға буынның тағылымды өсиеттері жайында қызықты әңгімелер тыңдады.

Жылы әрі достық ахуалда мәдени мұраны сақтау, ата-анаға құрмет көрсету және отбасылық құндылықтарды нығайту мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында әскери бөлім командирінің орынбасары майор Алишер Табылдиев Ракишевтер отбасына алғыс хат табыстап, олардың жас ұрпақты тәрбиелеуге және ұлттық құндылықтарды сақтауға қосқан үлесін атап өтті.

Қонақтар отбасыға қонақжайлығы үшін ризашылықтарын білдіріп, дәл осындай шаңырақтар ел бірлігі мен мемлекеттің дамуының мызғымас негізі екенін атап өтті.

 

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30