5 жасар баланы құтқарып қалды

Семейде Абай гарнизонына қарасты Әуе шабуылына қарсы 31767 «Б» әскери бөлімінің әскери қызметшісі майор Саят Оразбаев жол бойында қараусыз жүрген 5 жасар қыз баланы құтқарып қалды.

Админ

Әскери қызметші түс уақытында Әуезов алаңына қарама-қарсы жерасты өткелінен шығып келе жатып даңғыл жол бойында жалғыз жүрген баланы көреді. Ол бірден кішкентай қызды көлік көп жүретін қауіпті аумақтан алып шығып, сол маңдағы полиция бекетіне тапсырады. Ал тәртіп сақшылары 5 жасар қыз баланы аман-есен анасына тапсырған.

– Жалғыз жүрген баланы көрген бойда бірден ұмтылдым. Ол жолда көлік көп жүретіндіктен өте қауіпті еді. Қолында қуыршағы болды. «Ата-анаң қайда?» деп сұрап едім, дұрыс жауап бермеді. Маңайға жолай өткен адамдар да жинала кетті. Кейін баланы сол маңдағы полиция бекетіне ертіп апардым. Бар болғаны сол, - дейді Саят Оразбаев.

Әскери қызметші 31767 «Б» әскери бөлімінде өткен жылдың ақпан айынан бастап қызмет атқарады. 32 жастағы азамат отбасында екі бала тәрбиелеп отыр. Бүгін оны әскери бөлім басшылығы осы батылдығы үшін ризашылықтарын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.

 

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі  

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02