Зымыран әскерінің оқу-жаттығулары

Абай гарнизонында орналасқан 36803 әскери бөлімінің жеке құрамы «Шығыс» түраралық полигонында жауынгерлік шеберліктерін шыңдады. Тактикалық оқу-жаттығуларына мерзімді әскери қызметін өтеп жатқан сарбаздар да қатысты.

Админ

         Осылайша, әскерилер жауынгерлік даярлықтарын штатты қарулардан атуда және атысты басқаруды ұйымдастыруда өздерінің тәжірибелік дағдыларын жетілдірді.

         Тактикалық оқу-жаттығуына дайындалу алдын ала жүзеге асырылды. Жеке құрам қауіпсіздік шараларын, атуды орындау тәртібін зерделеді, оқ-дәрілерді салу бойынша нормативтерді орындады, бөлімшені және зымыран жүйесін жауынгерлік жағдайға көшіру бойынша жаттығуларды іске асырды. Кейін «Смерч» дүркіндетіп ату реактивті жүйесімен шартты жауды білдіретін нысаналарға оқ жаудырды.

         «Смерч» дүркіндетіп ату реактивті жүйелері арқылы атылған зымыран ұзақтығы 90 шақырымға дейін жетеді. Бір қондырғыда зымырандарға арналған 12 бағыттаушы бар және оқ ату қуатына ие. Бір атыспен «Смерч» 280 гектар болатын аумақты талқандай алады.

         36803 әскери бөлімінің батарея командирі лейтенант Бекболат Ахмедияровтың айтуынша, 36803 әскери бөлімінің зымыраншылары қатысқан тактикалық оқу-жаттығулары жоғары деңгейде өткізілді.

         – Жаттығу барысында сарбаздар жауынгерлік машинаны қолдануды, белгіленген нысананы дұрыс көздеу сынды оқу сұрақтары қарастырылып, алған теориялық білімдерін іс жүзінде іске асырды. Осындай тәжірибелік атулар өзінің жауынгерлік техникасының күш-қуатын сезінуге мүмкіндік береді. Сарбаздар техниканың тактикалық сипаттамаларын біліп, оларды барынша пайдалана білгенде ғана ұрыс алаңында жеңіске жетуге болады, - дейді лейтенант Бекболат Ахмедияров.

 

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

 

 

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02