Сарбаз аналары комитетінің өкілетін кеңейту туралы айтылды

Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов "Аналар жүрегі" сарбаз аналары комитеті" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Лилия Хайруллинамен кездесіп, ұйымның өкілеттігін кеңейтудің маңызды мәселелерін талқылады.

Админ

Кездесу барысында қорғаныс ведомствосының басшысы жастар әскерге шақырылғаннан бастап запасқа шығарылғанға дейінгі қызметтің барлық кезеңінде қолдау көрсетіп келе жатқан ұйыммен бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті.

- Біз комитеттің өкілеттігін кеңейтуге дайынбыз, сондай-ақ ұйым өкілдерін шақыру науқанына белсенді қатысқанын қалаймыз. Сіздер үшін әскери бөлімдердің ғана емес, әскерге шақырылушылар мен олардың ата-аналарын хабардар ету үшін барлық әскерге шақыру пунктерінің есігі ашық болады, - деп атап өтті Қорғаныс министрі.

Лилия Хайруллина өз кезегінде әскерге шақыру процесін және әскери қызметшілермен өзара іс-қимылды жақсартуға бағытталған бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар армия мен қоғам арасындағы сенімді қалыптастырудың маңыздылығын да атап өтті.

– Қарулы күштермен, басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен арадағы өзара іс-қимылымыздың мақсаты – әскерді қоғамға барынша ашық ету, ата-аналардың сенімін қалыптастыру және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің туындаған күрделі мәселелерін шешуге көмектесу.

Еліміздің барлық өңірінде тіркелген "Аналар жүрегі" ұйымы белсенді жұмыс істеп келеді. Ұйым сарбаздарға қолдау көрсетіп, олардың қызмет ету жағдайын тексеріп, әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз етеді.

__Последние новости

  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

Кеше, 16:23
Админ
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

Кеше, 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03
  • Басты назарда

Запасқа шықты сарбаздар

05/05/2025 - 18:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздар қатары

05/05/2025 - 14:19