Қорғаныс министрі Римде итальяндық әріптесімен кездесті

Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың басшылығымен қазақстандық делегация Италияның қорғаныс ведомствосы мен әскери нысандарын аралады. Сапар аясында генерал-полковник Руслан Жақсылықов Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозеттомен кездесті. Тараптар екіжақты әскери ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін, оның ішінде әскери білім беру, жауынгерлік дайындық және бітімгерлік қызметті талқылады.

Админ

Генерал-полковник Руслан Жақсылықов халықаралық аренада Қазақстан үшін бітімгерлік қызметтің маңыздылығын атап өтті. Ол қазақстандық офицерлердің "БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері" миссиясына, Италия контингентінің құрамында табысты ынтымақтастықтың үлгісі ретінде қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Келіссөздер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті мен Италия Қарулы күштері Бас штабының Жоғары қорғаныс зерттеулері орталығы арасындағы өзара іс-қимыл үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын академиялық ынтымақтастық және ғылыми зерттеулер туралы меморандум жасасумен аяқталды.

Сапар аясында делегация сонымен қатар Пратика-Ди-Маре теңіз авиабазасына және итальяндық әуе күштерінің әскери әуежайына барды. Мұнда ең ірі итальяндық "Leonardo" корпорациясының өкілдері жауынгерлік тікұшақтар мен C4I әскерлерін басқарудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдарды көрсетті.

Қазақстандық делегация Римнен 119 шақырым жерде орналасқан "Акуила" тау дайындығы базасында да болды. Мұнда олар Италия Құрлық әскерлері Альпі полкінің инфрақұрылымымен, жабдықтарымен және әскери қызметшілерді оқыту бағдарламасымен танысты.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02