МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

Ұлттық әскери-патриоттық орталығында әскери әйел қызметкерлеріне арналған мерекелік жиын өтті. Салтанатты шарада «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов ер азаматтармен қатар қызмет етіп жүрген нәзік жанды әйелдер қауымын мерекелерімен құттықтады.

Админ

         Мерекелік кеш марапаттау рәсімінен басталды. Бүгінгі таңда «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде 600-ден астам азаматша жұмыс атқарады. Мереке қарсаңында Семей, Өскемен, Павлодар, Аягөз, Үшарал қалаларынан келген сала мамандары түрлі дәрежедегі марапатқа ие болды. Айталық, сахна төріне шыққан Аягөз гарнизонына қарасты 10181 әскери бөлімінің фельшері аға сержант Шынар Абдрахман «Жауынгерлік ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталса, Абай гарнизонындағы 44793 әскери бөлімінің қаржыгері аға лейтенант Алима Батыргожинаға мерзімінен бұрын капитан шені табысталды.

         «Бүгінгі таңда әйелдер қоғам өмірінің барлық саласында маңызды рөл атқарады. Егеменді еліміздің Қарулы Күштерінде де әйелдің алатын орны ерекше. Өз тағдырын армиямен байланыстырған әйелдер ер азаматтармен бірге әскери қызметтің барлық ауыртпалығын бөлісіп келе жатыр. Қазақстан Республикасының егемендігі үшін өлшеусіз тер төгіп келеді. Жаны нәзік болса да күш-жігері мықты әскери әйел қызметшілер қызметтік міндеттерін зор жауапкершілікпен атқаруда. Қызметте өздерінің шеберліктерімен үлкен жетістікке жеткен әйел әскери қызметшілеріміз жетерлік», - деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов.

         Салтанатты шара Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Семей филиалының әскери оркестрі мен әнші-бишілерінің концертімен жалғасын тапты. Сахна төрінде ардақты аналардың, қылықты қыз-келіншектердің құрметіне ән айтылып, би биленді.

 

 

 

 

__Последние новости

  • Басты назарда

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

16/06/2025 - 14:41
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАНЫҢ ШЕБЕР МАМАНЫ

14/06/2025 - 10:52
  • Басты назарда

Бірлестіктің төрағасы сайланды

11/06/2025 - 07:48
  • Басты назарда

ЖЫР-ТАРТУ: ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ

08/06/2025 - 15:28
  • Басты назарда

Ұйыған отбасы – мықты әскердің негізі

07/06/2025 - 14:28
  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

06/06/2025 - 10:27
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00