Қиындықтан именбеген Индира

Қазіргі уақытта елімізде өзінің қарым-қабілетімен, еңбекқорлығы мен күш-жігерімен ерекшеленетін көптеген арулар бар. Солардың бірі – 33 жастағы телефонист Индира Сарыбаева. Қарағанды гарнизонының 36352 әскери бөлімінде қызмет атқаратын Индира – нәзік болмысына қарамастан мықты және төзімді жан.

Админ

  Индира Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келіп, Көкпекті ауылында мектепті тәмамдаған соң, кеншілер астанасы – Қарағанды қаласындағы жоғары политехникалық колледжге оқуға түсіп, құтқарушы мамандығы бойынша білім алған. Ол оқу барысында альпинизммен айналысып, жүзуді үйреніп, апаттық жағдайда адамдарды іздеп, құтқару, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын меңгерген. Сондай-ақ, түрлі табиғи жағдайда тірі қалу курстарынан өткен және жағдайға байланысты қалай баспана құру, су табу және тамақтану ережелерін біледі. Оқуын тәмамдағаннан кейін Индира тұрмысқа шығып, бес бала тәрбиелеп отыр. Алайда, оның өміріндегі басты өзгеріс 70 шақырым қашықтыққа жүк арқалап, жүкті жаттығу барысында тауларда жасаған жорығы болды. Бұл қиындықтарға қарамастан Индира ешқандай қолайсыздық сезінбегенін айтады. Осы оқиға оның қайсарлығын, шыдамдылығын және күшін көрсетті. Алайда, мамандығы бойынша жұмыс істеу оған бұйырмады. Оның өмірі жаңа бағыт алды. Балаларымен бірге болуды шешіп, көп жыл бала күту демалысын алды. Алғашқы баласы 11 жаста болса, ең кішісі 3,5 жаста. 2019 жылы Индира өміріндегі жаңа белеске қадам басып, әскери қызметке кірді. Бүгінде ол 36352 әскери бөлімінде телефонист болып қызмет етеді.  Бес баланың анасы Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына негізделген әскери шеруге Қарағанды қыздарының атынан қатыспақшы.

__Последние новости

  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

Бүгін, 10:27
Админ
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03