Әскери қызмет әу бастағы арманы болған

Динара Үйсімбаева – үй ішіндегі бес баланың ортаншысы. Ол жастайынан өте алғыр болып өскен. 2019 жылы Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөліміне қарасты Сарышаған кентіндегі жалпы білім беретін мектебінің 9-сыныбын бітірген соң, өз еркімен Тараз қаласындағы «Жамбыл политехникалық колледжіне оқуға түскен. Дәл осы ортада кәсіптік білім беретін оқу орнын 2022 жылы «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығы бойынша бітіріп шыққан.

Админ

    Содан күндер өтіп, айлар жылжып, 2024 жылдың күзінде өздері өскен жанұя ортасында, әкесі мен шешесінің көз алдында Динара өзінің әскери қызметші болатындығын жеткізеді. Ата-анасы мен отбасы мүшелерінен қолдау тапқан Динара Үйсімбаева Приозерск қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне қарасты 44841 әскери бөліміне құжаттарын тапсырады. Өзін жақсы қырынан көрсете білген қазақтың қаршадай жас қызы тез арада әскери киім-кешектермен қамтамасыз етіліп, 44841 әскери бөліміндегі жеке құрам қатарының санын толықтырады.
     Келісімшарт бойынша
әскери қызметке қабылданған қатардағы жауынгер өз ойын былайша жеткізді: «Отан алдында қызмет ету маған ұнайды. Кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарында ерліктің ерен үлгісін көрсеткен мерген қыз Әлия Молдағұлова, пулеметші Мәншүк Маметова, ұшқыш Хиуаз Доспанова сынды батыр апаларымыздың өмірі мен ерліктерінен үлгі алып, келешекте әскердегі қазақ қыздарының мақтанышы болғым келетінін жеткізгім келеді».


 

Думан Жұмашұлы

 

__Последние новости

  • Басты назарда

Әскери қызмет әу бастағы арманы болған

Бүгін, 15:29
Админ
  • Басты назарда

Әскери салаға бейімделген Әлия

Бүгін, 09:28
  • Басты назарда

Әлия есімін иеленген әскери маман

Кеше, 17:27
  • Басты назарда

Батырдың батасын алған Бақыт

Кеше, 09:24
  • Басты назарда

Ер жігіттің жолын ұстанған ару

12/03/2025 - 17:23
  • Басты назарда

Шынашақтай қыздың шыққан биігі көп

12/03/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Арманы асқақ ару қыз

11/03/2025 - 17:23
  • Басты назарда

Сүйіспеншілікке шақырған шара

11/03/2025 - 09:01
  • Басты назарда

Жеке құрамға түсіндіру сабағы

10/03/2025 - 17:00
  • Басты назарда

Көпбалалы әскери ана

10/03/2025 - 15:26
  • Басты назарда

Әуе шептерін қорғаушылармен кездесті

10/03/2025 - 10:59
  • Басты назарда

«Қазақша Quiz» дағдысында сынға түсті

09/03/2025 - 16:58
  • Басты назарда

Рухты елдің ұрпағы қайсар

08/03/2025 - 16:47
  • Басты назарда

Бозбалалар әскерге баруға дайын

08/03/2025 - 09:44
  • Басты назарда

Оқушы назарындағы әскери өмір

07/03/2025 - 16:41
  • Басты назарда

Әскери өмірмен танысты

07/03/2025 - 12:40