Ер жігіттің жолын ұстанған ару

Кейбір ұлдар әскерден бас тартып, қашып-пысып жүргенде форма киген аруларға қарап сүйсінеміз, тәнті боламыз. Жасыратыны жоқ, олар қызметке жауапты, тапсырылған іске тыңғылықты келеді. Міне, сондай арулардың бірі ефрейтор Шынысова Диана Төлеубекқызы (02.04.1993 ж.т.) – жер жәннаты Жетісудің орталығы Талдықорғанның тумасы.

Админ

Жастайынан спортқа жақын өсті. Мектепте оқып жүргенде волейбол, баскетбол, тіпті футбол ойнайтын. Тауға шыққанды да ұнататын. Үйде әртүрлі тәттілер пісіретін. Тағы бір қызығы, КамАЗ жүк көлігін ер балалардан артық жүргізетін. Бір сөзбен айтқанда, ерлердің ісіне бір қадам жақын болып өсті.

2001 жылы Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би кентіндегі Қ.Жалайыр атындағы гимназия-мектебіне барып, оны 2009 жылы бітірген. Сосын Талдықорған Заң колледжіне «Қаржы» мамандығы бойынша оқуға түскен. 2012 жылы аяқтап, сол жылы тұрмысқа шықты. Қазіргі уақытта жолдасы Жақып Бахтияр Рамазанұлы екеуі Елен атты ұл және Балжан атты қыз тәрбиелеп отыр. Екеуі – Шеңгелді ауылының №6 Қ.Жалайыр атындағы орта мектебінің оқушылары. Бахтияр көп жылдан бері жедел жәрдем жүгізушісі болып істейді. Өзі 2016 жылғы 11 сәуірде Қазақстанның Отан қорғаушылар сапына әскери қызметке шақырылған. Бүгінде Алматы облысы, Қонаев қаласы, Шеңгелді ауылындағы 54179 әскери бөлімінде маман (жүргізуші-электрик) лауазымында қызмет етуде.

Мереке қарсаңында қарындасымызға хабарласып, көңіл-күйін бөлістік.

– Әкем Төлеубек марқұм болған. Жақсы адам еді. Ал анам Алтынхан – мен үшін ең әдемі жан. Өзімнен кейінгі сіңлім Зарина екеуміздің әрдайым тілеуімізді тілеп, әр қадамымызға қуанып отырады. Екеуі азаматтық адамдар ғой, рұқсат болса, оларды өзіміздің сүйікті басылымымыз – Қорғаныс министрлігінің «Сарбаз» газеті арқылы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтағым келеді. Зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін! Ал өз басыма келсек, бала күнгі арманыма қол жеткізген әскери адаммын. Сондықтан Отан үшін қызмет етуге әрқашанда дайынмын! - дейді ер жігіттің жолын ұстанған патриот қыз.

Сіздің де мерекеңіз құтты болсын, қарындасым!

 

Марат ЖҮНІС-БЕК

 

 

 

__Последние новости

  • Басты назарда

Ер жігіттің жолын ұстанған ару

Кеше, 17:23
Админ
  • Басты назарда

Шынашақтай қыздың шыққан биігі көп

Кеше, 10:20
  • Басты назарда

Арманы асқақ ару қыз

11/03/2025 - 17:23
  • Басты назарда

Сүйіспеншілікке шақырған шара

11/03/2025 - 09:01
  • Басты назарда

Жеке құрамға түсіндіру сабағы

10/03/2025 - 17:00
  • Басты назарда

Көпбалалы әскери ана

10/03/2025 - 15:26
  • Басты назарда

Әуе шептерін қорғаушылармен кездесті

10/03/2025 - 10:59
  • Басты назарда

«Қазақша Quiz» дағдысында сынға түсті

09/03/2025 - 16:58
  • Басты назарда

Рухты елдің ұрпағы қайсар

08/03/2025 - 16:47
  • Басты назарда

Бозбалалар әскерге баруға дайын

08/03/2025 - 09:44
  • Басты назарда

Оқушы назарындағы әскери өмір

07/03/2025 - 16:41
  • Басты назарда

Әскери өмірмен танысты

07/03/2025 - 12:40