Арманы асқақ ару қыз

Біздің бұл жолғы кейіпкеріміз Гүлзира Бақытбекқызы Исабекова – кәсіби әскери, кәнігі маман. Ол елдің шығысындағы Семей қаласына қарасты Знаменка (қазіргі Көкентау ауылы) елдімекенінде дүниеге келген.

Админ

2002 жылғы 30 маусымда өмір есігін ашып, сол жерде орта мектепті бітірді. Бір қызығы, бала күнінен әскери адам көрсе қызыға қарап, сондай болуды армандайтын. Білім ордасынан үлкен өмірге қанат қаққанда сол арманына қол жеткізуге біржола бел буды. Сөйтіп, 2019 жылы ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің әскери институты арқылы Санкт-Петербург қаласындағы А.Ф.Можайский атындағы Әскери-ғарыш академиясына түскен. Әрине, бұл жерде оқудың өзіндік қызығымен бірге қиындықтары да болды. Бірақ, ол райынан қайтпады. 5 жыл бойында сабағын үздік оқып, 2024 жылы аталған әскери академияны «Арнайы мақсаттағы автоматтандырылған жүйелерді қолдану және пайдалану» мамандығы бойынша қызыл дипломмен бітіріп шығады.

ҚР Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 15 маусымдағы №072 бұйрығымен «лейтенант» әскери атағы берілді. Туған елге оралғаннан кейін  Радиоэлектрондық күрес департаментіне қарасты 43988 әскери бөліміне штаб офицері (байланыс жөніндегі) болып тағайындау алды. Міне, содан бері өзінің кәсіби жоғары білімін, жасқа тән іскерлігін, маманға лайықты жоғары ынтасын көрсетіп, әріптестері арасында жоғары беделге ие болуда.

         Лейтенант қыз өзінің бос уақытында кітап оқуды, музыка тыңдауды, сурет салуды жақсы көреді. Өзіндік дайындыққа да көп көңіл бөліп, тәжірибелі мамандардан үйренгенін іс жүзінде жақсы қолдана біледі.

         Көктем мерекесі қарсаңында қарындасымызға хабарласып, көңіл-күйін бөлістік. «Аға, өзіңіз білесіз, қандай сарбаз генерал болуды армандамайды?! Менің әскери қызметім енді басталды. Ендеше, түптің-түбінде қазақ әскерінің генералдар корпусын толықтыратын үміткердің бірі болармын. Сондықтан сол жоғары атаққа лайықты болу жолындағы қызметімді бастап кеттім ғой», - деді ол.

 

__Последние новости

  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

Бүгін, 10:27
Админ
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03