Абай облысының лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен 21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне орай «Қазақша Quiz» атты интеллектуалды ойын өтті.
Мемлекеттік мекемелердің, күштік құрылым қызметкерлері, білім саласының мамандары ойын барысында логикалық және түрлі салалар бойынша сұрақтарға шапшаң әрі мүдірместен жауап беріп, білімдерін сынға салды. Сайыстың негізгі мақсаты қазақ тілін, тарихын, ғылымын, әдеби-мәдени мұраларын насихаттау, күнделікті қызметтен бөлек мамандардың шығармашылық әлеуетін ашу болатын.
Білім сайысына ҚР ҚМ ӘҚК ӘШҚК 31767 әскери бөлімі, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Абай облысы бойынша департаменті, ҚР Ішкі істер министрлігі Абай облысының Полиция департаменті, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Абай облысы ТЖД, Семей қаласының Назарбаев зияткерлік мектебі, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы, Абай облыстық қан орталығы, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС - «Семей ЖТ бөлімшесі» филиалынан командалар қатысты.
Командалық зияткерлік ойында 31767 әскери бөлімінен мемлекеттік тілді дамыту қызметінің маманы азаматтық қызметші Нұрсәуле Мұқажанова қатардағы жауынгер Ұланай Сламқанова, мерзімді қызметтегі сарбаз қатардағы жауынгер Мағжан Байғазы алғырлықтарымен көзге түсіп,
V орынды иеленді.
Ой ұшқырлығын шыңдап, есте сақтау қабылетін арттыру үшін және жылдам шешім қабылдауда жастар арасында осындай топтық интеллектуалды куиз ойындарын өткізудің пайдасы зор.
Азаматтық қызметші Н. МҰҚАЖАНОВА
31767 әскери бөлімі