Бозбалалар әскерге баруға дайын

Айбынды армия мен мектеп арасындағы байланысты арттыру  мақсатында  ҚР Қорғаныс министрлігі Әуе қорғаныс күштеріне қарасты 44803 әскери бөлімінің С-300 зениттік-зымырандық дивизионына Саран техникалық колледжінің студенттеріне арналған Ашық есік күні өткізілді.

Админ

  Қарағанды гарнизоны, «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімге келген колледж студенттері қуатты әскеріміздің тыныс-тіршілігімен танысып, топ-топқа бөлініп, қару-жарақтарды ұстап көрді. Әскери саланың білікті қызметшілері мектеп оқушыларының қызықтырған сұрақтарына тікелей жауап берді. Ашық есік күнінде әскери бөліммен толықтай танысқан оқушылар Отанды қорғау қызметінің ерекшеліктері, әскери оқуға түскен кезде көрсетілетін жеңілдіктер, әскерилерге мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер жайын сұрап білді. Бұдан бөлек 85510 әскери бөліміне №13 мектептің оқушылары Ашық есік күніне келді.

  – Әскери сала мамандарына тек биік шыңдардан көрінуіне тілектеспіз. Ұйқымызды күзетіп, бізді қонаққа шақырып, қару түрлерімен таныстырып жатқан қазақ армиясының ұландары жасай берсін. Қарулы Күштердің мәртебесін көтеру, әскери мамандықты көпшілікке танымал ету және жас патриоттарды тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шараға №13 мектептен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының оқушылары, колледж студенттері келіп отыр. Ризашылығымызды білдіреміз, - деп атап өтті өз сөзінде С-300 зениттік-зымырандық дивизион командирінің тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары, майор Рамазан Бақтияров.

  Аталмыш әскери бөлімдер аумағында мектеп оқушылары мен студенттерге арналған, бірлескен шаралар тұрақты өтті және алдағы уақытта да көптеп ұйымдастырылатынын алға тартты әскери қызметшілер.

   – Қазіргі таңда, жастарды әскери қызметке дайындау көкейкесті мәселе екені белгілі. Себебі, болашақ тізгінін ұстайтын жас патриоттарымыз бәрін білгені дұрыс. Бүгін 85510 әскери бөлімінің аумағына №13 жалпы білім беретін мектептің жоғарғы сынып оқушылары келді. Кейбір оқушылар ұрыс қаруын алғаш рет қолға алғандықтарын жасырмайды. Болашақ Отан қорғаушыларды бүгінгі іс-шараға әкелген мектеп басшылығына алғысым шексіз», - деді әскери бөлім қызметшісі Толғанай Мәдениет.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02